Меркі ауданы Ақермен, Аспара және Меркі ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Меркі ауданы Ақермен, Аспара

және Меркі ауылдық округтері әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1 бабының 1-тармағына сәйкес, Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылдың 08 қарашасына Меркі ауданы Ақермен, Аспара және Меркі

ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.

  1. 2026 жылдың 08 қарашасына тағайындалған Меркі ауданы Ақермен, Аспара және Меркі ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

Төраға                                                                  Ш. Абылкасымов

 

Хатшы                                                                   О. Тойбаев

 

 

 

 

Меркі ауылы,

30 қыркүйек 2026 жыл

№10

Дата публикации
30 сентября 2026