«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14, 45, 113-11 баптарына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 14 қыркүйектегі шешімімен 2026 жылғы 13 қыркүйекте сайланған Ербол Байболсынович Байболсынов Меркі ауданы Ойтал ауылдық округінің әкімі болып тіркеліп, Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Абылкасымов әкім куәлігін табыс етті.