Меркі ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекаралары туралы хабарлама

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

2026 жылдың 13 қыркүйегіне тағайындалған Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі                  іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Меркі ауданы Ойтал ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы туралы хабарлайды.

  1. Ойтал ауылдық округіндегі №284, 285, 286, 479 сайлау учаскелері.

Шекарасы:  Ойтал ауылы, Меркі стансасы, Мыханды ауылы.

 

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Меркі ауылы, Ә. Ысмаилов көшесі №167, «Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорынның ғимараты.

Дата публикации
12 августа 2026