Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының
1-тармағына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 13 қыркүйекке Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Ш. Абылкасымов
Хатшы О. Тойбаев
Меркі ауылы
05 тамыз 2026 жыл
№8