Меркі ауданында Ойтал ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

Меркі ауданында Ойтал ауылдық округінің

әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                          4-тармағына, 22-бабына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы               ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меркі ауданының Ойтал ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Ойтал ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округі және оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Төраға                                                                  Ш. Абылкасымов

 

 

Хатшы                                                                   О. Тойбаев

 

 

 

Меркі ауылы,

05 тамыз 2026 жыл

№7

Дата публикации
05 августа 2026