
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары басталды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Шорман Төреханұлы Абылқасымовтың төрағалығымен кеңес отырысы өтті.
Отырыста 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда:
🔹 комиссия мүшелерінің функционалдық міндеттері нақтыланды;
🔹 сайлаушылар тізімдерін өзектендіру жұмыстары қаралды;
🔹 мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылды;
🔹 сайлау учаскелерінің дайындық деңгейі мен кезекшілік кестесі бекітілді;
🔹 сайлаушыларға шақыру қағаздарын тарату және QR-код арқылы саяси партиялар туралы ақпарат беру жұмыстары пысықталды;
🔹 учаскелік сайлау комиссияларын қажетті кеңсе және полиграфиялық тауарлармен қамтамасыз ету тапсырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша сайлау комиссияларының төрағаларына нақты хаттамалық тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына жүктелді.
Сайлау науқанының барлық кезеңдері Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес ашықтық, заңдылық және жариялылық қағидаттары негізінде ұйымдастырылатын болады.