
ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Аудандық орталық кітапханада Жас сайлаушылар клубының мүшелерімен алдағы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесуде Меркі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Абылкасымов сайлау науқанының негізгі кезеңдері, жастардың сайлау үдерісіндегі рөлі мен жауапкершілігі туралы кеңінен ақпарат берді.
Жиын барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, тұрғындарға шақыру қағаздарын тарату жұмыстарына Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің белсенді қатысуы талқыланды.
✅ Осындай кездесулер жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, сайлау мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық өмірге жауапкершілікпен араласуына ықпал етеді