«Меркі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Меркі ауданы әкімінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №03 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімінің 2026 жылғы 8 мамырдағы №9 шешіммен Ақтоған ауылдық округі Қазақ дихан ауылында №528 сайлау учаскесі құрылып, №269, №279, 477 сайлау учаскелерінің шекараларына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. 

№269 сайлау учаскесі

«Орналасқан жері: Ақтоған ауылдық округі Ақтоған ауылы Амангелді Иманов көшесі №80, «Меркі ауданының білім бөлімінің «№4 Тлеміс батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ғимараты.

Шекарасы: Ақтоған ауылының Тілеміс Жанжігітұлы, Амангелді Иманов, Абай Құнанбаев, Созақбай Қосбармақов, Тәуірбай Әбілдаев, Сақұл Нартбаев, Аймат Сәрсембиев, Ақтікен, Жамбыл Жабаев, Ыбырай Алтынсарин, Керімбай Молдабаев, Томаш Дәбесінов, Мырзатай Орақбаев, Тұрар Әлшеев, Ойранды, Қарақыстақ, Бүрге, Тандыр, Молалы»;

№ 279 сайлау учаскесі

«Орналасқан  жері: Меркі ауылдық округі, Меркі ауылы, бұрылыс Тоқаш Бокин №20, «Меркі ауданының білім бөлімінің «№39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы» КММ ғимараты.

Шекарасы: Меркі ауылының Тоқаш Бокин, Тоқаш Бокин бұрылысы, Ұлбөпе Зүкенова, Ермек Сауранбаев, Бөрібай Оспаналы, Бөрібай Оспаналы бұрылысы тұйық көше, Бейсенбай Кемелбеков, Бейсенбай Кемелбеков тұйық көшелері, Аркадий Гайдар, Қажымұқан, Қажымұқан бұрылысы, Қажымұқан 1 бұрылысы, Қажымұқан 2 бұрылысы, Асылбек Асанұлы»;

№ 477 сайлау учаскесі

«Орналасқан жері: Меркі ауылдық округі, Меркі ауылы, Қабылбек Сарымолдаев №162/А, «Меркі ауданының білім бөлімінің Балдаурен бөбек-жай бақшасы» КММ ғимараты.

Шекарасы: Меркі ауылының Қабылбек Сарымолдаев көшесінің 150-274, 149-169 үйлері, Панфилов бұрылысы, Панфилов, Сабыр Амурханов, Әлімбек Бекжанов, Әлімбек Бекжанов бұрылысы, Әбікен Мухамеджанов, Жұмабек Дандыбаев, Бейсенбай Артықбаев, Сәкен Сейфуллин, Сәкен Сейфуллин бұрылысы, Жаңғазы Қожаханов, Жаңғазы Қожаханов бұрылысы, Алатау, Шаңырақ, Самал көшелері»;

 «№528 сайлау учаскесi

Орналасқан  жері: Ақтоған ауылдық округі, Қазақ дихан ауылы, Маликасан Құлбеков көшесі №1 А, «Меркі ауданының білім бөлімінің «№33 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ғимараты.

          Шекарасы: Маликасан Құлбеков, Ғани Мұратбаев, Әріпбай Ниязбеков, Қарабала Әсімов, Темір жол».

Дата публикации
29 июня 2026