Айнаев Серик Абдираимовичке шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына берілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

«20» «04» «2026» жыл

№98

 

 

 

 

Айнаев Серик Абдираимовичке  шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына берілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 84-бабының 2-тармағының  2) тармақшасына, 119-2 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 2-тармағының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл ауылдық округі аумағынан азамат Айнаев Серик Абдираимовичке шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына берілген жалпы ауданы 9,95 гектар (кадастрлық нөмірі 06-092-022-337) суармалы егістік жер учаскесі арнайы экономикалық аймақтардың және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі мақсатында мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі басталсын. 
  2. Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың желтоқсан айының 31-не дейін.
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгіну орны Меркі ауылы, Әзімбек Ысмайылов көшесі №169 мекенжайында орналасқан «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің салалық орынбасарына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                                Е.Жиенқұлов

Дата публикации
22 апреля 2026