МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
«20» «04» «2026» жыл
№97
Усенов Талгат Жапсарбаевичке ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету үшін жеке меншікке берілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 84-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 2-тармағына, 2026 жылғы 16 сәуірдегі Ойтал ауылдық округі әкімінің №03-03/106 хатының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ойтал ауылдық округі, Ойтал ауылы С.Құралбайұлы көшесі бойынан азамат Усенов Талгат Жапсарбаевичке ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету үшін жеке меншікке берілген жалпы ауданы 0,4000 гектар (кадастрлық нөмірі 06-092-007-241) жер учаскесі сауықтыру, рекреациялық және халықтың ортақ пайдаланатын паркін орналастыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімі басталсын.
- Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылдың желтоқсан айының 31-не дейін.
- Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгіну орны Меркі ауылы, Әзімбек Ысмайылов көшесі №169 мекенжайында орналасқан «Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің салалық орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Е.Жиенқұлов