
Меркі ауданында 38 күндізгі жалпы орта білім беретін мектепте (оның ішінде: 9 – бастауыш, 29 – орта мектептер) 15409 оқушы білім алуда. 38 мектептің 27-і қазақ тілінде, 11-і қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді. Шағын жинақталған мектептер – 13 (34,2%). (оның ішінде 8-і бастауыш, 5-і орта мектептер). Онда 846 оқушы білім алуда. Балабақшалар саны-16. (оның ішінде 14-і мемлекеттік, 2-і жекеменшік). Аудан бойынша кезекте тұрған балалар саны 1060 құрайды.
2016-2017 оқу жылында ауданда 2058 педагог қызмет атқарса, оның 1919 (92,3%) жоғары білімді. 119 (7,6%) арнаулы орта білімді. Жоғары санатты 528 (26,0%), І санатты мұғалімдер 555 (27,0%), ІІ санатты 526 (25%), санаты жоқ -449 (22%).
Аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 183 оқушы 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.