
Денсаулық сақтау саласы бойынша сөз ететін болсақ ауданымызда 55 емдеу мекемелері жұмыс істейді. Олардың ішінде аудандық орталық аурухана, аудандық орталық емхана, Андас батыр ауылдық аурухан, Андас батыр ауылдық емхана, Фтизиатриялық бөлім, 13 облыстық – дәрігерлік амбулатория, 8 фелшерлік-акушерлік пунктер, 19 медициналық пунктер, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Меркі ауданындағы бөлімі, Меркі және Ақ ниет шипажайлары және жеке тұлғалардың иелігіндегі 4 стаматологиялық орталықтары мен қатар Сенім, Ақнұр және Лаура медицина орталықтары жұмыс істейді. Аудандық орталық ауруханасында 944 медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Оның ішінде 128 жоғары білімді дәрігер, 448 орта буын медицина қызметкерлері, 368 кіші медициналық пен басқа да қызметкерлер жұмыс атқарады