
Меркі ауданы бойынша барлығы 230 спорт нысаны бар. Оның ішінде 1 стадион, 37 спорттық залы, 13 арнайы орнатылған спортзалдар, 38 футбол алаңы, 141 спорттық алаңшалар бар. Аталған спорт нысандарының барлығы аудан тұрғындарына қолжетімді.
Ауданда 3 спорт мектебі бар және бір аула клубы, бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы бар.
2020 жылдың 12 айда аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың 32,2 % құрайды, бұл 27456 адам.
Жалпы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың 7 235 адамы 14 жасқа дейінгілер, 12 845 адам жастар, 7376 адам 29 жастан асқан ауыл тұрғындары.
Аудан бойынша 3 спорт мектебі және 1 аула клубы жұмыс істейді. Спорт мектептерінде 15 спорт түрі бойынша барлығы 2262 оқушы спортпен шұғылданады. Бұл аудандағы 7-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 14, 4 % құрап отыр. Спорт мекемелерінде 53 жаттықтырушы жұмыс атқарады.
2020 жылдың 12 айда аудан бойынша барлығы 65 бұқаралық-спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 7 660 адам қамтылған.