
Меркі ауданында цифрландыру жұмыстары цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономиканың дамудың принципті жаңа траекториясына өтуіне жағдай жасауға бағытталған.
Меркі ауданы әкімдігі 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, Меркі тұрғындары мен қонақтарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағыты:
1. "Экономика салаларын цифрландыру" - еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты.
2. "Цифрлық мемлекетке көшу" - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты.
3. "Цифрлық Жібек жолын іске асыру" - ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.
4. "Адами капиталды дамыту" - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты.
5. "Инновациялық экожүйені құру" - бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді.