Меркі ауданы Жаңатоған ауылдық округі әкімінің аппараты
2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Жамбыл ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдары 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 0,4% - ын құрайды (1330).
Оның ішінде:
- 5 қызмет қағаз/ электрондық түрінде;
2024 жылдың қорытындысымен Жаңатоған ауылдық округінде 3 (үш) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
|
Жаңатоған ауылдық округі әкімінің аппараты 2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат |
||||
|
№ |
Мемлекеттік қызмет атауы |
Түскен өтініш саны
|
Оның ішінде: |
|
|
Оң шешім |
Бас тарту |
|||
|
1 |
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» |
1 |
1 |
0 |
|
2 |
«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» |
2 |
2 |
0 |
Оның ішінде:
- Электрондық түрде - 3 қызмет;
Ауылдық округі әкімі аппаратындағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында тұрғындарға электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алуға көмек көрсетіледі. Бұл 56 қызмет, оның ішінде ЭЦҚ кілтін ашу-18 қызмет, egov порталы арқылы түрлі анықтамалар беру – 38 қызмет.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілген қызмет жоқ.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану фактілері тіркелмеген.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан Жаңатоған ауылдық округі әкімі аппаратының 1 мемлекеттік қызметкері өтті.
Ауылдық округте көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады, бұлар әлеуметтік желілерде жарияланымдар, жергілікті басылымдарға мақалалар, ауылдық округ тұрғындары арасында жиналыстар. Атап айтқанда, 2024 жылы Жаңатоған әкімдігінде 19 іс-шара ұйымдастырылды.
Ауылдық округ әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері арасында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру туралы жиналыс өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.