Округ аумағында 2 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 бастауыш мектеп бар. №14 ЖОББМ 483 оқушы, 68 мұғалім, №30 ЖОББМ 230 оқушы, 38 мұғалім, №38 бастауыш мектепте 30 оқушы, 6 мұғалім бар. 2022-2023 оқу жылында №14 ЖОББМ – ҰБТ 12 оқушы қатысып, 9 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды. №30 ЖОББМ – ҰБТ 11 оқушы қатысып, 7 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды. Білім көрсеткіші №30 ЖОББМ 76%, №14 ЖОББМ 80%.
Сонымен қатар округте 1 балабақша (40 бала), 1 шағын орталық (25 бала) жұмыс атқаруда.