GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
29 мая 2025
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.
Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
* Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
* Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
* Экономикалық және қаржылық саясат;
* Цифрландыру;
* Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
* Сыртқы саясат және инвестициялар.
Тіркеу кезінде кандидат Резервке алынған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асырғысы келетін салалық бағытты таңдауы керек. Әрбір салалық бағыт үшін Резервке алу квотасы көзделеді. Бұл ретте, кандидаттардың әр бағыт бойынша біркелкі санын ұстап тұру мақсатында Резервке іріктеудің барлық кезеңдерінде пропорционалды іріктеу қамтамасыз етіледі.
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
* Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
* Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
* Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
* Құзыреттерді бағалау;
* Сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
* Ұлттық комиссияның отырысы.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады. Резервке алу туралы шешімді жариялау ағымдағы жылдың 25 қазанынан кейін жоспарлануда.

20 мая 2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

 

Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6️ негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5️ жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

 

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6️ кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.

 

Құжаттарды қабылдау 2️0️2️5️ жылдың 1-30️ маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады.

 

Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік 5️0️ кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.

Кәсіпкерлік
13 февраля 2025
Елімізде әрбір мамандық иесіне ерекше құрмет көрсетіледі

Елімізде әрбір мамандық иесіне ерекше құрмет көрсетіледі. Дегенмен қарапайым жұмысшылардың қоғам назарынан тыс қалып жататыныда жасырын емес. Осы орайда жұмысшы мамандықтар жылын дәріптеу мақсатында Жамбыл ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азамат, білікті маман автокөлік инженері Атабеков Акрам Абдухашимовичті халық назарына ұсынамыз.
Акрам Абдухашимович Жауғаш батыр көшесінде өз үйінде көлік жөндеу гаражында адамдарды қабылдап, аудан тұрғындарына қызмет жасауда.
Өз ісінің хас шебері. 20 жылдан астам уақыт автокөлік инжекторын жөндеумен айналысуда.
Ауданға алғашқы жұмысын көлік маторын жөндеуден бастап, қазіргі уақытта инжектор жөндеу ісінің маманы ретінде таңылған.
Инжектордың ақауларын жөндеп, олардың жұмыс істеуіне кепілдік береді. Осындай жұмысқа деген жауапкершілігі мен әр істі сапалы орындауының арқасында тіршілігі түзеліп, өзгеде көршілес аудан мен ауылдың көлік жүргізушілері алдын ала кезекке тұрып, тапсырыс беретіндері көп.

Мәдениет
13 февраля 2025
Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылында «Aru art studio» көркем гимнастика үйірмесі ашылды
Спорт
23 января 2025
Кіші футболдан жарыс

2025 жылдың 20 қаңтар күні Жамбыл ауылдық округінің спорттан нұсқаушы әдіскері М.Көкіннің ұйымдастыруымен Жамбыл ауылдық округі тұрғындары арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс №20 БЖСМ спорт кешенінде өтті. Жарысқа Тұрлыбай батыр, Талдыбұлақ, Жеміс жидек, Жамбыл ауылдарынан жасақталған командалар қатысты. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы:
🥇орын "Төс Жамбыл" командасы;
🥈орын "Исағұлов көшесі" командасы;
🥉орын "Барс" командалары жеңіс тұғырына көтерілді.
Жеңімпаздар медаль грамотамен марапатталды.

21 января 2025
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2024 жылы тіркелген қылмыстарға талдау жүргізу жөніндегі жергілікті полиция инспекторларының есебі

Жамбыл ауылдық округі әкімшілігің ғимаратында ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ж.Манаповтың, билер кеңесінің төрағасы А.Бексұлтановтың қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2024 жылы тіркелген қылмыстарға талдау жүргізу үшін жергілікті полиция инспекторларының есебі тындалды. Жиналыс барысында ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

21 января 2025
Жамбыл ауылдық округінің әкімі округ тұрғындарымен кездесу шарасы

2025 жылдың 20 қаңтары күні Жамбыл ауылдық округінің әкімі Байболсынов Ербол Байболсынұлының округ тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге ауыл тұрғындары, аудандық мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалық басшылары, жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысты.
Кездесу барысында 2024 жылғы атқарылған жұмыстың есебі тыңдалып, көтерілген сұрақтарға Заң аясында тиісті жауаптар берілді.

Білім
15 января 2025
"КІТАП -РУХАНИ САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА"

Жамбыл ауылдық округі, Тұрлыбай батыр ауылы, №34 жалпы білім беру мектебінде жастар арасында семинар өтті. Кездесуге мектеп директоры К.Боржуков, директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А.Ертаева, кітапханашы А.Шакирова қатысты. Шара барысында А.Шакирова семинарға қатысушы оқушыларға өзі оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, кітапті оқу, ойлауға, мәнерлі сөздерді үйренуге болатынын айтып, басқаларды да кітап оқуға шақырды.

14 января 2025
Кәсіпорындарға рейдтік іс-шара

Рейдтік іс-шара аясында Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман қаржы агенті Д.Амиров Меркі АПБ ЖПҚБ полиция аға лейтенанты А.Жолдыбай және Н.Бекарыстановпен бірлесіп, түнгі зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында ауылдық округі аумағында орналасқан азық-түлік дүкендеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабына сәйкес түнгі сағат 23.00-ден келесі күні сағат 8.00-ге дейін алкоголь өнімін сатуға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуіне жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ойын-сауық компьютерлік ғимараттарына түнгі уақытта заң талаптарына сәйкес кәмілеттік жасқа толмаған азаматтарды түнгі уақытта кіргізуге рұқсат бермеу туралы ескертілді.

Денсаулық сақтау
13 января 2025
2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын еске салды. 2025 жылы оның мөлшері сол күйінде қалады – 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді.

Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады – сәйкесінше 3% және 2%.

Тек біржолғы төлем мөлшері өзгереді – 21,5%-дан 23,8%-ға дейін, сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан жарналар мөлшері өзгереді – орташа айлық жалақының 1,9%-ынан 2%-ына дейін, бұл көрсеткіш өткен екі жылдағы ағымдағы қаржы жылының орташа айлық жалақысынан есептеледі. Бұл мәліметті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚР орташа айлық жалақысы 364 295 теңгені құрады.

Осылайша, 2025 жылы МӘМС төлемдерінің мөлшері келесідей болады:
• Жұмыс берушілердің жарналары – қызметкердің табысынан 3%;
• Жұмысшылардың жарналары – табыстың 2%-ы;
• Біржолғы төлем төлеушілер – жалақы қорынан 23,8%;
• Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы;
• Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге (АЕК-тің 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы, сәйкес қаржы жылының республикалық бюджет заңымен бекітілген);
• Дербес төлеушілердің жарналары – 4 250 теңге (АЕК-тің 5%-ы);
• Мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар – 7 285,9 теңге.

💳 МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылы төлеуге болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы