
2023 жылы округ бойынша АӘК 65 отбасы қайрылып, 361 адамға 24 771 197 тенге тағайындалып төленді. Әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж 5 адам қайырылып, бір реттік әр отбасына 30 мың тенгеден берілді. Қатерлі ісік аурауына шалдыққан 6 адамаға 570 000 тенге төленді. Тұрғын үйді газдандыруға бір жолғы әлеуметтік көмек 1 отбасына 240 000 тенге төленді. Округтің кәсіпкерлердің демеушілігімен 2023 жыл 128 отбасыға 1 750 000 тенгеге материалдық көмек көрсетілді.
15 ақпан ауған соғысы ардагерлері мерекесіне орай Жамбыл округінің 13 ауған соғыс ардагерлеріне және 4 Чернобль Семей полигонының қатысушы ардагерлерге мерекелік іс шара өтті. Керімбаев Әділхан, Халилов Смайлдың демеушілігімен арнайы сыйлықтар тапсырылды. 8 Наурыз-халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай №18 Орта мектепте концерттік бағдарлама ұйымдастырылып «Меркі несие серіктестігі» ЖШС демеушілігімен 100 батыр анаға ақ жаулық жауып, гүл шоқтары тапсырылды. 22 наурыз мейрамына орай «Малика» мейрамханасында 200 адамға мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына дастархан жайылды. Осындай іс-шаралар Жеміс-жидек, Талдыбұлақ және Тұрлыбай батыр ауылдарындада тиісті деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.