
Округте жалпы 165 шаруақожалық тіркелген.
2023 жылы округ бойынша 2112 гектарға бидай егіліп 3838 тн өнім алынды,(16 цн), арпа 2324 гектарға егіліп 4483 тн өнім алынды (16 цн) , қант қылшасы 183 га жерге егіліп,ауа райының ыстық болуына байланысты 6 ШҚ-тың 86,7 га қылшасы және 1 ШҚ-тың 51 га жаңа жоңышқасы өспей қалды. Далалық зерделеу жүргізіліп аудандық комиссияға құжаттары ұсынылып, шығындары өтелді. Қалған 5 ШҚ-тың 97 га жерінен 3 880 тн қылша жиналып гекторына 400 ц ден айналды. Жүгері 20 га жерге егіліп жоспар 104%, мақсары 1000 га егіліп жоспар 100%. Жаңа жоңышка-200 га жерге себілді. 2023 жылы 377 тн егілетін тұқым зертханадан өткізіліп, себілді. Жоспар 100 пайызға орындалды.( I-репродукция- 50,6 тн, II- репродукция -323 тн).
Ауылшаруашылық техникаларын лизинг шарты бойынша 6 ШҚ басшылары 17 жаңа техника алып жоспар 100% орындалды.
Көктемгі дала егіс жұмыстарына 42 шаруақожалық 137 тн жеңілдетілген жанар жағармай алып пайдаланды.
2023 жылы мал басы 2022 жылмен салыстырғанда
қой 3474-ге өсіп - 37 184 бас.
Жылқы 442-ге өсіп - 4 193 бас.
МІҚ 189-ге өсіп - 7 744 басты құрап отыр, оның ішінде аналығы 2 274 бас.
Құстар - 9 895.
2023 жылы 4427 тн сүт және ет 447 тн өндірілді.