2026 жылғы 26 маусым күні Рысқұлов ауылдық округінде округ әкімдігі аппаратының бас маманы Г. Макаева тұрғындар арасында көлік және мүлік салығын уақытылы төлеудің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға салық төлеу тәртібі, мерзімдері, берешектің алдын алу жолдары және заңнама талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, тиісті түсіндірмелер ұсынылды.
Рысқұлов ауылдық округі әкімдігі тұрғындарды салық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырады.
Медицина қызметкерлері күніне орай Рысқұлов ауылдық округінің әкімі Е. Қалысбаев округ аумағындағы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығының және дәрігерлік амбулаториялардың медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен арнайы барып құттықтады.
Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп, халықтың саулығын сақтау жолында қызмет етіп жүрген медицина мамандарына алғыс білдіріліп, Алғыс хаттар мен естелік сый-сияпаттар табысталды.
Ауыл әкімі медицина қызметкерлерінің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың жауапты еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық және зор денсаулық тіледі.
5–14 маусым 2026 жыл аралығында Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл жағалауында өткен XXIV Азия армрестлинг чемпионаты мен XXIII Азия пара-армрестлинг чемпионатына 19 мемлекет арасынан жерлесіміз Рахымбаев Жарқынай қатысып, 80+ салмақ дәрежесінде 12 дүркін Азия чемпионы атанды!
Алдағы Кыркүйек айында Индияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды, сондай-ақ Токиода өтетін Азия ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Барша жанкүйерлер жерлесімізге зор табыс тілейді!
1 маусым – Халықаралық Балалар күні!
Рысқұлов ауылдық округінің әкімі Е. Қалысбаев мерекеге орай округтегі мектептер мен балабақшаларға барып, балаларды құттықтап тәттілер таратты,
балалар үшін арнайы аниматорлар шақырып, көңілді ойындар мен қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Балалардың қуанышы мен күлкісі – біздің ең үлкен бақытымыз!
25.05.2026 жыл
Рысқұлов ауылдық округіндегі А.Тұрғынбаев атындағы №7 ЖОББ мектебі мен №28 ЖОББ мектебінде мектеп бітіруші түлектерге арналған «Қош бол, мектеп!» атты салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Рысқұлов ауылдық округінің әкімі Е. Қалысбаев пен округ әкімдігінің бас маманы Гүлжан Макаева қатысып, жас түлектерге ақ жол тілеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Өз сөздерінде білім мен тәрбиенің маңыздылығына тоқталып, түлектердің болашақта ел дамуына үлес қосатын білімді де саналы азамат боларына сенім білдірді.
Мектеп қабырғасындағы алтын ұямен қоштасқан түлектер үшін бұл күн — ерекше естелікке толы әсерлі сәт болды. Ұстаздарға алғыс айтылып, мектеппен қимай қоштасқан түлектердің қуанышы мен толқынысы ерекше сезілді.
Барша түлектерге сәттілік, жарқын болашақ және биік жетістіктер тілейміз!
20.05.2026 жыл
Рысқұлов ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл аумағында балалар ойын алаңдары мен қоғамдық орындықтар сырланып, шөптер шабылып, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылуда.
Тазалық – ортақ міндет.
9 мамыр – Жеңіс күніне орай Рысқұлов ауылдық округінде ескерткішке гүл қою рәсімі өтті.
Іс-шараға ауыл әкімі Е. Қалысбаев, ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары қатысып, Отан үшін жанын қиған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Жеңіс күні – ерлік пен батырлықтың, елге деген құрметтің символы. Батырлар ерлігі әрдайым ұрпақ жадында сақталады.
04.05.2026 жылы Рысқұлов ауылдық округі әкімі Е. Қалысбаев округтегі шаруа қожалық иелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жайылым жерлерді нақтылау, оларды тиімді әрі дұрыс пайдалану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ауыл шаруашылық саласының дамуы мен жайылымдарды тиімді пайдалану — біздің басты мақсатымыз!
Рысқұлов ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өтті.
Кездесу барысында Интернациональный ауылындағы Новая көшесіне газ құбырларын жүргізу мәселесі көтерілді. Бұл мәселе тұрғындар үшін маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Алдағы уақытта көтерілген мәселе кезең-кезеңімен өз шешімін табады.
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН
Рысқұлов ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл аумағында ағаштарды әктеу, сырлау, шөптерді тазалау жұмыстары атқарылуда.
Ауыл келбетін көркейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Таза орта – жарқын болашақ кепілі!