
Ауылдық клуб Рысқұлов ауылы Көбейұлы көшесі №29 мекенжайда орналасқан. Клуб ғимараты 1980 ж. соғылған. Жалпы алаңы 133,7 кв.м., құрылыс көлемі 2213 м. Клубта 7745 кітап қоры бар кітапхана бар, оқырмандар саны 700. Клубта 4 үйірме (Балдаурен үйірмесі, Сандуғаш жас аналар тобы, Шебер қолдар үйірмесі , ЖасҰлан отбасылық ансамблі) ақыссыз жұмыс жасайды. Сонымен қатар Әсем әуен вокал үйірмесі жұмыс істейді.