Сұрат ауылдық округі үш елді мекеннен тұрады: Сұрат ауылында 1954 адам, 299 түтін, Аққайнар ауылында 444 адам, 72 түтін, Тескентоған ауылында 597 адам, 92 түтін, барлығы ауылдық округ бойынша 2995 адам, 463 түтін. Зейнеткерлер саны – 292, көп балалы отбасылар саны -126, мүгедектері – 39, аз қамтылған отбасылар саны – 20. Тыл еңбеккерлері -12. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар саны – 31.
Округ бойынша 3 денсаулық сақтау мекемесі, 2 ЖББМ, 1 балабақша, 2 мәдениет орындары, 2 кітапхана, 1 мешіт, халыққа қызмет көрсету саласы бойынша 3 сауда нүктесі, 1 дәріхана жұмыс істеуде.