Ауылдық округ әкімдерінің 2024 жылғы бекітілген халықпен кездесу кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 26 қаңтары күні Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі Бабижанов Сәбит Әбілғазыұлының округ тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесуге ауыл тұрғындары, ауыл ақсақалдары, мекеме қызметкерлері, жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысты.
Кездесу барысында көтерілген сұрақтарға Заң аясында тиісті жауаптар берілді.
2024 жылдың бекітілген спорттық іс шаралар жоспарына сәйкес.
✅ А.ж 20 қаңтар күні Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі Бұқаралық спорттық іс шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен қаңтар - ақпан айларынынң әр сенбі күні #9 Меркі колледжі және А.Асқаров атындағы ЖОББМ спорт залдарында Меркі ауданының волейболдан чемпионаты басталды. ✔Чемпионатқа ауданның 14 ауылдық округынан командалар қатысып бақтарын сынайтын болады.
Чемпионаттың ашылуы #9 Меркі колледжінің спорт залында болды.
🇰🇿Ашылу салтанатына Аудан әкімінің орынбасары Өмірбек Мейірхан Азатұлы қатысып спортшыларға сәттілік тіледі.
✏Бүгінгі ойында
Меркі - Ақарал
Сұрат - Андас батыр
Ақермен - Екпінді
Ақтоған - Т.Рысқұлов
Тәтті - Жаңатоған
Ойтал - Кеңес
Сарымолдаев - Аспара
Интернационал - Жамбыл
Қайырлы күн!
Егер сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға, олардың көрсетілу сапасына қатысты сұрақтарыңыз болса, кеңесті 08.onay.qyzmet Telegram арнасы арқылы алуыңызға болады. QR кодты сканерлеңіз.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы шағымдар мен ұсыныстар мәселелері бойынша Сіз 8 (72 62) 43-88-08 телефон нөмірі немесе taraz_ugu@mail.ru электрондық поштаға жүгіне аласыз.
Бүкіл әлем көз тіккен жарыс 2024 жылы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді.
Астанада «Көшпенділер әлемі» этноауылы құрылады. Бір күнде 30 мың келушіні қабылдайтын этноауылда Қазақстан мен әлем елдерінің үздік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ақындар айтысы мен төл мәдениетімізді паш ететін қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады.
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына арналған мерейтойлық көрме ашылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Экспозиция ХХ ғасырдың көрнекті қазақ суретшісі шығармашылығының эволюциясының ретроспективасын ұсынады және оған Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің коллекциясынан 300-ден астам көркем және графикалық туындылар кіреді.
Суретші 1904 жылы дүниеге келген. Қастеевтің табиғи сыйы бала кезінен бастап көріне бастады. Ұзақ күндерін жайылымда табиғатпен жалғыз өткізгеннен кейін, ол әктастан әртүрлі мүсіндерді ойып, саздан қолөнер бұйымдарын жасады.
Талантты мұғалім Н. Хлудовтың басшылығымен, Әбілхан өзінің айналасындағы әлемді қабылдаудың кейбір аңғалдығын, жеделдігі мен поэтикасын мәңгілікке сақтай отырып, көркем қолөнердің алғашқы дағдыларын алды.
1942 жылы Алматыда Қастеевтің 143 туындысы қойылған алғашқы жеке көрмесі өтті. 1944 жылы Амангелді Имановтың бейнесін қайта бейнелегені үшін Республикада алғаш рет Әбілхан Қастеев Қазақ КСР Халық суретшісі атағына ие болды. Оның шығармашылық мұрасында портрет жанры маңызды орын алады. Суретші Ш.Уәлихановтың, Ж. Жабаевтың, А. Имановтың, Ғ. Мұратбаевтың салған портреттері мәнерлігімен және адамның мінезі мен сыртқы келбетінің ерекшеліктерін анықтауға, жеке тұлғаны тарихи оқиғалармен және өз заманының рухымен байланыстыруға ұмтылуымен ерекшеленеді.
1950-60 жылдары Әбілхан Қастеев «Жаңа Қазақстан», «Қазақстан жерінде», «Қазақстан байлығы», «Қазақстан жері мен адамдары» сияқты бірнеше акварельдік циклдар құрды, онда ол туған Республиканың ауқымды экономикалық өзгерістерді түсірді.
Әбілхан Қастеев 1973 жылы өзінен кейін үлкен шығармашылық мұра қалдырып, 1984 жылы оның есімі берілген ҚР Мемлекеттік өнер музейінің коллекциясында қалды. Ә. Қастеевтің шығармалары Қазақстандағы және шетелдегі көптеген музейлер мен жеке коллекцияларда бар.
Гранттар жастар саясатын қолдау, отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, азаматтық қоғамды дамыту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағыттары бойынша іске асырылды.
2023 жылы гранттарды іске асыру қорытындылары бойынша:
- 120 мыңнан астам адам нақты көмек алды, оның ішінде 200-ден астамы – ерекше қажеттіліктері бар адамдар;
- 330 жұмыс орны құрылды, оның 50-і мүгедектер үшін ашылды. Еңбекақы төлеудің жалпы қоры 280 млн теңгеден асты;
- Әлеуметтік осал топтардан 2,7 мыңнан астам адам шаштараз, маникюр шебері, кондитер, тігінші, флорист, SMM және т.б. сияқты сұранысқа ие мамандықтардың дағдыларын тегін игерді;
- 3 мыңнан астам заң және психологиялық кеңестер, сондай-ақ жұмысқа орналастыру және тұрғын үй сатып алу мәселелері бойынша кеңестер берілді;
- ҮЕҰ мен волонтерлердің әлеуетін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоршаған ортаны қорғау, отбасылық құндылықтар саласында халықтың әртүрлі топтары арасында 500-ден астам оқыту іс-шаралары өткізілді. 16 мыңнан астам волонтер оқытылды.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттар ағымдағы жылы іске асырылуын жалғастырады.
🔹2024 жылдың 16 қаңтарында мектеп-лицейінде І.Жансүгіровтің 130 жылдығына орай 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Тарихқа қызмет” жобасы аясында “Жыр Құлагері” атты дөңгелек үстел өткізілді.
🔹Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегінің бірі, “Қазақ поэзиясының- Құлагері “ деп мойындалған ақын, тамаша драматург, сатирик, қоғам қайраткері І.Жансүгіровтің туылғанына 130 жыл толуына орай оқушылар ақынның өлең жырлары мен өмірбаянына тоқталып өтті. Оқушылар өздері іздену жұмыстарын жасай отырып, “Құлагер” шығармасын кеңінен талқылап берді. Ілиястың Сағынайдың асының өткізілуін аса шебер бейнелеп, қазақ халқының ескі дәстүрін дәріптеуі, кекшіл Батыраштың Құлагерге жасаған қастандығы, Ақан сері үшін орны толмас қайғыны және т.б бөлімдеріне оқушылар кеңінен тоқталып, әңгімелеп талқылау жүргізді. Тіпті, қоғаммен салыстыра отырып, “Адамзат қашан оңалады?”-деген сұраққа ой жүгіртті. Көре алмаушылық, қызғаныш сияқты жағымсыз әдеттерден аулақ болуға шақырды. Ақынның “Құлагер” поэмасы -қазақтың ауқымды туындысы деп білуге болады.
Қазақстанда 48 орфандық немесе сирек кездесетін аурулар бойынша 96 дәрілік затпен амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ету көзделген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Бұл ретте орфандық аурулары бар пациенттерді емдеуге арналған препараттарды қаржыландыру үлесі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жалпы бюджетінің 25%-дан астамын құрады, сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін пациенттердің өздерінің саны дәрі-дәрмек алатын пациенттердің жалпы санының 1%-ын ғана құрайды.
2023 жылы республикалық бюджеттің есебінен Бірыңғай дистрибьютор амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 74 млрд теңге сомасына орфандық препараттарды сатып алды, дегенмен 2020 жылы бұл сома 29,3 млрд теңгені құрады және 20 млрд теңгеге стационарлық деңгейде дәрі-дәрмектер сатып алынды.
Сонымен қатар, мәслихаттардың шешімі бойынша 2023 жылы жергілікті бюджеттің есебінен орфандық ауруларды емдеуге 15,7 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді.
Пациенттердің шектеулі саны үшін қымбат препараттар ел бюджетіне жоғары ауыртпалық түсіреді. Орфандық дәрі-дәрмектерді сатып алу шығыстарын талдау 47 орфандық препараттың ең қымбат екенін көрсетті. Мысалы, 1 пациентті емдеу курсының орташа құны Мукополисахаридоз ауруы кезінде Элосульфаза альфа 131,3 млн теңгені, жұлын бұлшықет атрофиясы ауруы кезінде Нусинерсен 114,3 млн теңгені, Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы ауруы кезінде Аталурен препараты 147,8 млн теңгені, Фабри ауруымен ауырған кезде Агалзидаза бета препараты 68,3 млн теңгені құрайды.
Халықаралық практикада мұндай пациенттерді емдеу мен қолдау үшін негізгі шығындар көбінесе қайырымдылық көмек арқылы жабылады.
Ел Президентінің Жарлығымен құрылған «Қазақстан Халкына» қоғамдық қоры 2022 жылдан бастап 40 млрд теңгеге жуық сомаға орфандық аурулары бар 389 пациентті қайырымдылық қаражатының есебінен қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасында орфандық (сирек кездесетін) ауруларға 100 000 халыққа шаққанда 50 жағдайдан аспайтын аурулар жатады.
🔹2024 жылдың 4-5 қаңтар күндері өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінен география, биология, орыс тілі мен әдебиет пәні қазақ сыныптарында, орыс тілі мен әдебиет пәні орыс сыныптарында, құқық негіздері пәндерінен олимпиаданың аудандық кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен 5 оқушы қатысып бағын сынады.
🔹Олимпиада қорытындысы бойынша орыс тілі мен әдебиет пәнінен 11-сынып оқушысы Иванченко Вероника І орын, жетекшісі А.Козыбагарова; орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 9-сынып оқушысы Қасым Жанэля І орын, жетекшісі Қ.Бектенбаева; құқық негіздері пәнінен 9-сынып оқушысы Таниберген Алтынай ІІ орын, жетекшісі С.Пакрадинова; биология пәнінен 11-сынып оқушысы Асхатұлы Бекнұр ІІІ орын, жетекшісі Ж.Сыдыкова.
🔹Білім додасында үздік атанған дарынды оқушылар мен оларды дайындаған пән мұғалімдерін мектеп-лицейі директоры Қойшиманова Нурила Сейсембаевна жеңістерімен құттықтап, олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алған 11-сынып оқушысы Иванченко Вероникаға сәттілік тіледі.
🔹Мектеп және ауданымыздың абыройын асқақтататын дарынды оқушыларымыздың қатары арта берсін!