«Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2023 жылдың IV-тоқсан қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 0,45% - ын құрайды (1323).

         Оның ішінде:

            - 6 қызмет қағаз түрінде және электрондық түрде көрсетіледі;

         2022 жылдың IV-тоқсан қорытындысымен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 1-ге көбейді (2022 жылдың IV-тоқсан қорытындысы бойынша                3 қызмет көрсетілген).

         2023 жылдың IV-тоқсан қорытындысы бойынша ауылдық округі әкімінің аппаратында 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Оның ішінде:

            - Электрондық түрде – 4  қызмет (100%);

            - қағаз түрінде – 0 қызмет (0 %);

            - қағаз түрінде (баламалы) – 0 қызмет (0 %).

         Бұл бағытта Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар Жоспарын, сондай-ақ Сарымолдаев ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

         2023 жылдың IV-тоқсанында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан  қызметкер өтпеді.

         Сонымен қатар Меркі ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарымен (цифрлық технологиялар басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп) мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша оқу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2023 жылдың IV-тоқсанында 60 халықты қамтылған 3 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер, бейнероликтер).

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
22 января 2024