GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Все материалы
Мәдениет
07 октября 2026
«ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗДАР» – АШЫҚ ЕСІК КҮНІ 🎶✨

Ойтал ауылдық округіндегі №2 музыкалық мектебінде жас өнерпаздардың шығармашылық қабілетін танытуға бағытталған «Жарық жұлдыздар» атты ашық есік күні өтті.

🎼 Іс-шара барысында мектептің тыныс-тіршілігі таныстырылып, оқушылардың музыкалық бағыттағы жетістіктері мен шығармашылық өнерлері көпшілік назарына ұсынылды.

Жас музыканттар өздерінің өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ашық есік күні балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

29 мая 2025
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.
Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
* Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
* Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
* Экономикалық және қаржылық саясат;
* Цифрландыру;
* Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
* Сыртқы саясат және инвестициялар.
Тіркеу кезінде кандидат Резервке алынған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асырғысы келетін салалық бағытты таңдауы керек. Әрбір салалық бағыт үшін Резервке алу квотасы көзделеді. Бұл ретте, кандидаттардың әр бағыт бойынша біркелкі санын ұстап тұру мақсатында Резервке іріктеудің барлық кезеңдерінде пропорционалды іріктеу қамтамасыз етіледі.
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
* Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
* Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
* Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
* Құзыреттерді бағалау;
* Сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
* Ұлттық комиссияның отырысы.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады. Резервке алу туралы шешімді жариялау ағымдағы жылдың 25 қазанынан кейін жоспарлануда.

14 марта 2024
Хабарландыру
12 марта 2024
Округ тұрғындарының назарына

Ауданымызда ауыл бизнесін дамыту мақсатында оқу әдістемелік орталығы құрылды. Құлпынай өсіру, таңқурай (малина) жеміс көшеттерін өсіру, мал бордақылау, сүтті бағыттағы ірі қара өсіру, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы (эко чикен) тақырыптарын қамтиды және бизнесті сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қолдаулар (төмен пайызбен несие алу жолдары) туралы арнайы мамандар оқыту түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Аталған оқу семинары күнделікті сағат 10:00 де Меркі ауылы, Карцаг көшесі 17 үй (ДОСААФ) мекенжайында өтеді. Оқу уақыты 5 күн, тегін түрде, нақты бизнес түрімен айналысқан жағдайда, арнайы мамандар үйретеді.
Қосымша оқу бойынша ақпарат Ойтал ауылдық округінің әкімшілігіне қайырылсаңыздар болады.

30 января 2024
Сәлемдесу

Сәлемдесу –кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Амандасу-адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі.Білім алушыларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылылыққа адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге үйрету, мәдениеттілікті бойларына сіңіру, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні мектебімізде «Сәлемдесу –тәрбиенің бастауы» атты 2024 жылдың 23 қаңтары мен 23 ақпаны аралығында өтетін айлық акциясы басталды. Осы орайда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиева білім алушылармен жиын өткізіп, акцияның айлық жоспарымен таныстырды.Жиын соңында мектеп психологтары- Н.Исаева мен А.Назаралиева білім алушыларды толықтай акцияға жұмылдырып, тұлға бойында сәлемдесу мәдениетін қалыптастыру, мектеп ұстаздарымен, сыныптастарымен, отбасы мүшелерімен, бауырларымен жылы мейіріммен амандасуға тәрбиелеу үшін «Қуана біл, шаттана!», «Сәлемдесу түрлері» жаттығуларын жүргізді.

30 января 2024
Дауылды ескерту

"Қазгидромет" РМК филиалының дауылды ескертуіне сәйкес, 29 қаңтар күні түстен кейін Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 29-31 Қаңтарда оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман, көктайғақ, төменгі боран. 29-31 қаңтар солтүстік-шығыстан жел оңтүстік-батысқа, оңтүстік-батысқа, солтүстік-шығысқа, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, 29 қаңтарға қараған түні, тәулігіне 30-31 қаңтар екпіні 23-28 м/с.
Тараз қ.: 29-30 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. 29-30 қаңтар, кейде көктайғақ. 30-31 қаңтар оңтүстік-батыс жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 30 қаңтар, тәулік 31 қаңтар кейде 23-28 м / с.
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.Төтенше жағдай туындаған кезде "101" және "112"телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз
Естеріңізге сала кетейік, "Дармен" тегін қосымшасында ескерту сипатындағы хабарламалар орналастырылған

29 января 2024
Спорттық іс шара

26 қаңтарда спорт маманы Ж. Болатұлы  "Спорт есірткіге қарсы" ұранымен округ тұрғындары арасында үстел теннисінен ашық турнир өткізді.
Жарысқа 18 спортшы қатысты.
Жеңімпаздарға медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды
1 орын Амантай Бекзат-Ақарал
2 орын Сайыпов Асылбек-Ойтал
3 орын Мұратбек Данияр-Ақарал

26 января 2024
Жол жүру ережелері

Білім алушылардың жол-көлік жарақаттанудың алдын алу туралы білімдерін кеңейтіп, балалар арасында қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін және жол ережелерін кеңінен насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жол ережесінің қауіпсіздігі, теміржолдағы қауіпті аймақ» тақырыбында Мерке ст.ЖПб-нің бастығы полиция капитаны Н.Қойшыбеков, полиция старшинасы- М.Нұрмаханбетов және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиева білім алушылармен кездесу ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

25 января 2024
Хабарлама

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ-нің 25.01.2024 жылғы №134 телефонхатындағы Ауа температурасының жоғарылауына бйланысты еріген қар сулары әсерінен тау өзендеріндегі су өтінімінің көбеюіне, өзен арналарындағы мұз құбылысының әлсіреуі (мұз қату, түбіндегі мұз, жағалық мұз, кептелістерінің және т.б.) және қауіпті мұз құбылыстарының - мұз кептелістердің, мұзды су тасқыны мен сел, әсіресе өзен арналарда қалыптасуы күтілуде. Жақын аумақтарды су басу мүмкін. 

24 января 2024
📌 Құрметті округ тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 24 қаңтары сағат 10:00-де округ әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі өткізіледі. Өткізілетін орны: Ойтал ауылы, Ұлытау 1 А ( акт залы)

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы