Egov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасын Google Play-де (Android - тің қажетті нұсқасы – 5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы), AppGallery, AppStore-да (iOS-тың қажетті нұсқасы – 12 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеуге болады.
Мобильді қосымшаның басты беті «EGov mobile» мобильді қосымшасы мобильді байланыс құрылғылары арқылы «электрондық үкіметтің» мемлекеттік қызметтер мен сервистерін көрсетуге арналған.
Кез-келген қосымша сияқты eGov mobile-да өзінің интерфейсі немесе мұқабасы бар, қосымшаның басты бетінде цифрлық құжаттар, eGov QR, сервистер, танымал қызметтер, цифрлық мәліметтер және өмірлік жағдайлар бар.
Цифрлық құжат - құжат түпнұсқасының аналогы болып табылады және азаматтар белсенді пайдаланатын 33 құжатты (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тесті, туу туралы куәлік және , басқасы) қамтиды.