Меню

Страницы

Статья

Тегін жер учаскесін алу үшін кезекке қалай тұруға болады?

Қазіргі уақытта жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту – өте өзекті тақырыптардың бірі. Қандай жағдайларда нысаналы мақсатты өзгерту қажет? Егер сіз өз жер учаскеңізді басқа мақсатта пайдалансаңыз, бұл жағдайда оның нысаналы мақсатын өзгертуге тура келеді.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын қалай өзгертуге болады? Алдымен, қолданыстағы заңнаманы білу керек. Кейін қиын жағдайға тап болғаннан гөрі, барлық құжаттарды талапқа сай заңдастырған дұрыс. Мысалы, егер сізде жер учаскесінің нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін болса, бірақ іс жүзінде сіз оны жатақхана немесе техникалық қызмет көрсету станциясы үшін және т.с.с. мақсатта қолдансаңыз, онда сіз ерте ме, кеш пе кемінде айыппұл төлеуіңіз мүмкін. Ал заң шеңберінде мәселе жер учаскесін тартып алуға дейін баруы мүмкін.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін өтінішті дұрыс жіберуіңіз керек. Өтініште жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, сіз сұраған жер учаскесінің нысаналы мақсаты, жер учаскесінің көлемі және жер учаскесіне мемлекеттік акттің деректері көрсетіледі.

Назар аударыңыз, егер сіз маңызды бір нәрсені көрсетуді ұмытып кетсеңіз, сіз үшін әкімдікте мұны ешкім жасамайды. Бұл жағдайда өтінім қараусыз қалдырылады немесе біріншісіне баламалы теріс қорытынды шығарылады. Демек, сіз бекер уақыт жоғалтасыз

Егер, бас жоспарда сіздің учаскеңіздің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі ескерілген болса, сондай-ақ еш құқық бұзушылық болмайтын жағдайда, толық әрі дұрыс өтініш жолдасаңыз, сұранысыңызға оң шешім шығарылады.

Бұл қызметке заңды және жеке тұлға тапсырыс бере алады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электронды, ақысыз беріледі. Қызмет көрсету мерзімі – 13 жұмыс күні.

Дата публикации
19 января 2026
Дата обновления
19 января 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
Интернет – ойыншық емес: Бірлікке сызат түсірген үшін қандай жаза бар?
19 января 2026
Жер учаскесін қалай ақысыз алуға болады
Сөз сөйлеу
19 января 2026
"eGov Mobile" электрондық үкіметінің мобильді қосымшасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы