«Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес жер қатынастары саласындағы келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» және халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (ХҚКО ЫАЖ) арқылы электронды түрде және қағаз түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратымен стендтер орналастырылған (қағидалар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Қажетті мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері жеңілдетілген және заңда көрсетілген мерзіміне сай жүргізіледі.