Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Ойтал ауылдық округінде мәдениет үйінде сән-салтанатымен аталып өтілді. Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Тамыры тереңге кеткен әз-Наурыз қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» деген баталы сөздерден бастау алатын бұл мейрамның игілігі мен қуанышы ерекше.
Мерекені тамашалауға келген ауыл тұрғындары ауыл өнерпаздары арнайы концерттік бағдарламамен мерекелiк көңiл-күй сыйлады.