Меню

Страницы

Статья

Ұлттық киім

Ч

Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар.

Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Осыған орай №20 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне арналған «Ұлттық киім-халық қазынасы» тақырыбында шеру ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту.
Жалпы, қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтарға ұксамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан ұлттық киімдеріміз жетерлік.

Сондай-ақ, қазақ киімдері етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп — тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болып келген.

Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өткізіліп отырған «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор.

Дата публикации
19 марта 2024
Дата обновления
19 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
Интернет – ойыншық емес: Бірлікке сызат түсірген үшін қандай жаза бар?
19 января 2026
Жер учаскесін қалай ақысыз алуға болады
Сөз сөйлеу
19 января 2026
"eGov Mobile" электрондық үкіметінің мобильді қосымшасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы