ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Ойтал ауылдық округі әкімінің аппараты 7 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 0,5% - ын құрайды (1323).
Оның ішінде:
- 7 қызмет электронды және қағаз түрінде.
2024 жылдың ІІІ-тоқсанындағы Ойтал ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетілмеді.
2024 жылдың ІІІ-тоқсаны бойынша ешқандай мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілмеген.
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2024 жылдың ІІІ-тоқсанында 42 халық қамтылып, 3 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, халықпен кездесулер).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.