GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
14 марта 2024
Хабарландыру

Хабарландыру

16 января 2024
Үкімет басшысы Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директорымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Тараптар экономиканы дамыту, цифрландыруды енгізу, қоршаған ортаны қорғау және т. б. салалар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.  

Үкімет басшысы 30 жылдық серіктестік барысында елімізде жалпы сомасы $8 млрд-тан астам 48 бірлескен жобаның сәтті іске асырылғанын атап өтті. Бүгінде 6 жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда.  

Оның сөзінше, Дүниежүзілік банкпен серіктестік инклюзивті және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған. 20 жылдан астам сәтті жүзеге асырылып жатқан Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы оның айқын мысалы болып табылады. 

«Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік банкпен серіктестікті әрі қарай нығайтуға ниетті», — деп атап өтті Әлихан Смайылов. 

Өз кезегінде Татьяна Проскурякова Ұйым Қазақстан бойынша жаңа жобаларды дайындауды жандандырғанын, оған былтыр тамызда өткен келіссөздердің ықпал еткенін атап өтті. Оның ішінде Үкіметтің шалғай елді мекендерді интернетке қосу бағдарламасы да бар. 

«Бұл Орталық Азиядағы барлық ел үшін жақсы үлгі болады деп ойлаймын. Менің ойымша, Қазақстанның өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлі нығая түспек», — деді ол.

16 января 2024
Қазақстанда ТЖ салдарын жою бойынша кәсіби еріктілердің мобильді тобы құрылады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп кәсіби волонтерлердің мобильді тобын құруда. Қазір олар үшін төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардаптарын жоюға өзара әрекеттесу, бірлесу алгоритмі әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда 136 волонтерлік ұйым, оның ішінде 47 мыңнан астам волонтер ТЖМ құрылымдарымен белсенді ынтымақтастықта қызмет атқаруда. Олар тұрақты дайындықтан өтіп отырады. Соңғы 3 жылда 3,5 мыңнан астам волонтер төтенше жағдайлар департаменттерінде арнайы оқуға қатысты.

Айта кетейік, волонтерлер елдің қоғамдық өміріне белсенді қатыса отырып, ұйымшылдық пен бірлікті талап ететін шаралардан тыс қалмайды.

Елімізде волонтерлік пен қайырымдылықты дамытудың айрықша мысалдарының бірі ретінде орман өрттерінен зардап шеккен Абай облысына көрсетілген көмекті айта аламыз.  Ұлттық волонтерлер желісі өрттен қаза тапқан азаматтардың отбасына көмек көрсету үшін 224 млн.теңгеден астам қаражат жинады.

Ұлттық волонтерлер желісі Түркияға гуманитарлық көмек көрсету бойынша министрліктің үйлестіруімен орасан зор жұмыс атқарды. Нәтижесінде 500 тоннадан астам гуманитарлық көмек пен 150 киіз үй жөнелтілді. Қазақстандықтар AFAD қорына 10 миллионнан астам АҚШ долларын аударды.

Волонтерлер өрттің, газдың шығуының алдын алу, су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау және т.б. алдын алу шараларына белсенді қатысады. Волонтерлер 2023 жылдың өзінде 1700-ден астам профилактикалық іс-шараға қатысты.

16 января 2024
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры білім беру саласына айтарлықтай көңіл бөліп жатыр

Елмізде қала мен ауыл арасындағы алшақтықты қысқартуға қатысты жұмыс жүргізілуде. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өңірдегі ең ірі 50 мектеп таңдап алынып, жаратылыстану мен бастауыш сынып мұғалімдері арнайы даярлық курстарынан өтті. Аталған мектептерде құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесі енгізілді. Бұл жайында «Jelken Foundation» Қорының төрағасы Арман Байғаскин Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлады.

Оның айтуынша, бұл жобаға Қонаев қаласы, Іле, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарының білім ордалары қатысты. 

«Осы жобаның жалғасы ретінде білім беру саласында «Қазақстан халқына» қорының арнайы қолдауымен осы мектептерде физика, химия, биология кабинеттері Бил стандарттарына сай жабдықталды. Жобаны тиімді іске асыру үшін «Jelken Foundation» қоғамдық қорының командасы жабдықталатын кабинеттердің инвентаризациясын жүргізіп, ұсыныстар әзірледі. Барлық кабинетте жайлы әрі эргономиалық жиһаздар, сенсорлық интерактивті тақталар мен әлемдік бренд Pasco цифрлық датчиктер орнатылды», – деді спикер. 

150 мектептің кабинеттері жабдықталды. Атап айтсақ, 111 кабинет жаңадан толықтай жабдықталды. 39 кабинет қажетіне сай жабдықталды. 25 мыңға жуық мектеп оқушылары жаңа кабинеттерде сабақтарын жалғастырады. 

«Jelken Foundation» қоры осы жобаның операторы ретінде «Қазақстан халқына» қорының жетекшілігімен мектептерді сапалы және уақытылы жабдықтауды қоса алғанда бұл жобаның барлық процесін жүзеге асырды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірге атқарылып жатқан жұмыс әрі қарай да жалғасын табады. Жабдықталған кабинеттерде менторлармен бірлесіп, практикалық жұмыстар жасалады. Мұндай жобалар елде білім саласының дамуына үлес қосуда. Ол – педагогтер мен оқушыларға құйылған инвестиция.

16 января 2024
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылы 4,9 мыңнан астам объект бейімделді

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік инфрақұрылымның 4 926 объектісін бейімдеу бойынша іс-шаралар өткізді. Қазақстанда соңғы үш жылда барлығы 13,8 мыңнан астам нысан бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2023 жылы бейімделуге жоспарланған 5416 объектінің ішінен жергілікті атқарушы органдар 4 926 объектіде бейімделу іс-шараларын жүргізді, бұл жоспарланған көлемнің 91%-ын құрайды.

2023 жылға арналған бейімдеу жоспарын іске асыру бойынша Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстары толық, жүз пайыздық оң нәтиже көрсетуде. Алматы қаласында жоспардың 90%-дан астамы іске асырылды. Ал, Астана, Шымкент, Атырау, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарында керісінше жоспардың орындалуы 90 %-дан төмен болып,  жақсы көрсеткіш байқалмайды.

Ел бойынша мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:

- білім беру объектілері – 5847 (мектептер, балабақшалар және т. б.);

- денсаулық сақтау объектілері – 2160 (ауруханалар, емханалар, дәрігерлік амбулаториялар және т. б.)

- мәдениет объектілері – 1433 (мәдениет үйлері, театрлар және т. б.);

- мекемелер мен ұйымдар (оның ішінде мемлекеттік) – 2695 (жергілікті атқарушы органдар, орталық органдардың аумақтық бөлімшелері, азаматтарға арналған үкімет филиалдары және т. б.);

- сауда, қызмет көрсету, ойын-сауық, қоғамдық тамақтану объектілері – 1165 (дүкендер, сауда орталықтары, кафелер, мейрамханалар және т.б.).

- әлеуметтік қорғау объектілері – 178 (арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары, оңалту орталықтары және т. б.);

- спорт объектілері – 289 (спорт залдары, спорт сарайлары және т. б.);

- көлік инфрақұрылымы объектілері – 90 (Авто/ТЖ вокзалдары, әуежайлар).

Өңірлерде мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы