GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
Мәдениет
02 июня 2025
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.
Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
* Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
* Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
* Экономикалық және қаржылық саясат;
* Цифрландыру;
* Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
* Сыртқы саясат және инвестициялар.
Тіркеу кезінде кандидат Резервке алынған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асырғысы келетін салалық бағытты таңдауы керек. Әрбір салалық бағыт үшін Резервке алу квотасы көзделеді. Бұл ретте, кандидаттардың әр бағыт бойынша біркелкі санын ұстап тұру мақсатында Резервке іріктеудің барлық кезеңдерінде пропорционалды іріктеу қамтамасыз етіледі.
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
* Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
* Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
* Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
* Құзыреттерді бағалау;
* Сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
* Ұлттық комиссияның отырысы.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады. Резервке алу туралы шешімді жариялау ағымдағы жылдың 25 қазанынан кейін жоспарлануда.

19 мая 2025
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу
Мәдениет
15 мая 2025
Мектеп оқушыларымен әскери-патриоттық тәрбие сағаты ұйымдастырылды

Мектеп оқушыларымен әскери-патриоттық тәрбие сағаты ұйымдастырылды

14 марта 2024
Хабарландыру
11 марта 2024
Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт
6.03.2024 жылы Кеңес ауылдық мәдениет үйінде “Әлемнің жарығын сыйладың” атты Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті. Концертке ауылдағы барлық ақ жаулықты аналары шақырылды. Аналарымызға ауыл өнерпаздары өздерінің өнерлерімен анаға деген ізгі ниеттерін білдірді. Іс-шара ауылдық мешітте меркелік аспен жалғасты.
8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі сарқылмайтын шабыт сыйласын. Көктемнің өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңызбен!
11 марта 2024
мал бағасын тұрақтандыру
 Кеңес ауылының тұрғындарымен жиналыс өткізілді. Қаралған мәселе: Жайылым
Бақпадағы малдың бағасын тұрақтандыру бойынша болды.
19 января 2024
Кенес ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді

Кенес ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарының алдында 2023 жылы атқарылған іс шараларымен баяндап 2024 жылғы жоспарымен таныстырып өтті.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы