
24.01.2024 жылдың бекітілген спорттық іс шаралар жоспарына сәйкес.
✅ Меркі ауданы, Кеңес ауылында "Шынықсаң шымыр боласың" атты тақырыбында аудан тұрғындары арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты: Аудан тұрғындары арасында достастық қарым-қатынасты нығайту және ауыл тұрғындарын спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
🇰🇿Ашылу салтанатына Ауыл әкімі Джапаркулов Есберген Дүкенұлы қатысып спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа 20 спортшы қатысып бақтарын сынады. Спортшылар тартысты ойын көрсетіп жеңімпаздарды анықтады.
🥇1-орын Сайыпов Асылбек (Меркі)
🥈2-орын Айдабосыно Берік (Сарымолдаев)
🥉3-орын Балғынбаев Саламат (Ақарал)
🥉3-орын Муратов А (Ақарал)
Жеңімпаздар медаль, дипломдармен марапатталып, демеушілер тарапынан ақшалай сыйлықтармен марапатталса,
Жақсы ойын көрсеткені үшін:
Қадыр Төлеңгіт (Кеңес застава)
Жарылқасын Нұрсұлтан (Меркі) медаль, дипломмен марапатталды.