ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес Андас батыр ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдары 6 мемлекеттік қызметтердің түрін көрсетеді.
2026 жылдың І тоқсанында Андас батыр ауылдық округі әкімі аппаратымен 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" – 1 мемлекеттік қызмет, "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" – 4 мемлекеттік қызмет.
Ауылдық округі әкім аппаратындағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында тұрғындарға электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алуға көмек көрсетіледі, оның ішінде ЭЦҚ кілтін ашу-30 мемлекеттік қызмет, egov порталы арқылы түрлі анықтамалар беру – 10 мемлекеттік қызмет.
2026 жылдың І тоқсанында қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілген қызмет жоқ.
2026 жылдың І тоқсанында қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану фактілері тіркелмеген.
Ауылдық округте көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады, бұлар газеттерде, әлеуметтік желілерде жарияланымдар, ауылдық округ тұрғындары арасында жиналыстар.
Атап айтқанда, 2026 жылдың қантар айында «Жер учаскесінің алу үшін кезекке қою туралы» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын түсіндіру туралы ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізілді.
2026 жылдың ақпан айында «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын түсіндіру туралы Инстаграм парақшасында мақала жарияланды.
2026 жылдың наурыз айында мемлекеттік қызметтер туралы жиналыс жүргізіліп, Инстаграм парақшасында мақала жарияланды.
2026 жылдың наурыз айында "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын түсіндіру туралы ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.