Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округі әкімінің аппараты 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округі әкімінің аппараты                2022 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

         ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 0,5% - ын құрайды (1323).

         Оның ішінде:

            - 5 қызмет қағаз/ электрондық  түрінде;

            2022  жылдың 12 айында облыстың жергілікті атқарушы органдарымен    4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетілді:

         - Электрондық түрде -600 қызмет (оның ішінде («электронды цифрлық қолтанба ашу» –  440 қызмет, «egov порталы арқылы анықтама алу» – 260 қызмет). (99,1%);

         2022 жылдың қорытындысы бойынша  мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілген қызмет жоқ.

         2022 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 2 қызметкер өтті.

         Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2022 жылы 40 халықты қамтылған 6 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, халықпен кездесулер).

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

 

Дата публикации
03 июня 2024