GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Все материалы
15 октября 2026
Дін туралы жиналыс өткізілді

Ақтоған ауылдық округі, Ақтоған ауылының Тілеміс батыр атындағы №4 ЖОББМ Ақтоған ауылдық округінің дін саласындағы мобильді түсіндіру тобының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес    10 сынып оқушыларының  қатысуымен жиналыс  өткізілді

07 октября 2026
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Ақтоған ауылында аумақтарды жинау жұмыстары жүргізілуде

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Ақтоған ауылында аумақтарды жинау жұмыстары жүргізілуде

06 октября 2026
Интернет – ойыншық емес: Бірлікке сызат түсірген үшін қандай жаза бар?

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда кейде TikTok, Instagram немесе түрлі чаттарда этносаралық тақырыпты қозғап, арандатушылық тудыратын, ұлт арасына жік түсіретін жазбалар мен пікірлерді көзіміз шалып қалады. «Интернеттегі сөз жай сөз болып қалады, ештеңе етпес» деп ойлау — үлкен қателік.
Біздің әрқайсымыздың айтқан сөзіміз бен жазған комментарийіміз үшін заң алдындағы жауапкершілігіміз бар.
⚖️ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы не дейді? Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер (желідегі жазбалар, видеолар, арандатушылық пікірлер) үшін қатаң жаза қарастырылған:
•    Үлкен көлемдегі ақшалай айыппұлдар;
•    Қоғамдық жұмыстарға тарту;
•    Немесе 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы!
📜 Ата Заңымыз не дейді? ҚР Конституциясының 16-бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалады, ал еліміздегі этносаралық татулық пен бірлік — мемлекетіміздің басты іргетасы. Ксенофобия мен сепаратизмге біздің қоғамда орын жоқ!

🤝 Не істеу керек?

1.    Сақ болыңыз: Бейтаныс біреудің арандатушылық видеосына немесе фейк ақпаратына сеніп, репост жасамаңыз.
2.    Ойланыңыз: Комментарий жазар алдында оның заңды салдарын естен шығармаңыз. Бір ғана сөз өміріңізге сызат түсіруі мүмкін.
3.    Бірлікті сақтаңыз: Түрлі этнос өкілдерімен тату-тәтті өмір сүру — біздің ортақ күшіміз бен басты байлығымыз.
Бұл постты достарыңызға жіберіп, сақ болуға шақырыңыз! Заңды сыйлайық, тұрақтылығымызды қорғайық! 🇰🇿
#ЗаңМенТәртіп #ЭтносаралықТатулық #ҚазақстанБірлігі #АтаЗаң #Бейбітшілік



18 мая 2026
Ақтоған ауылында орналасқан дендросаябақта тазалық жұмыстары жүргізілуде

Ақтоған ауылында орналасқан дендросаябақта тазалық жұмыстары жүргізілуде

12 марта 2026
Дін туралы жиналыс өткізілді

Ақтоған ауылдық округі, Қазақ-Дихан ауылының №33 ЖОББМ Ақтоған ауылдық округінің дін саласындағы мобильді түсіндіру тобының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес  8-11 сынып оқушыларының  қатысуымен жиналыс  өткізілді

05 марта 2026
Ақтоған ауылдық округі әкімі Д.А.Абдіразақтың ауыл тұрғындарымен кездесуі

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына және Меркі ауданы әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес, 2026 жылдың 5 наурыз күні Ақтоған ауылдық округінің әкімі Абдіразақ Данияр Ақылбекұлының  Ақтоған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өтті.

Кездесуде ауыл әкімі ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндап, биылға жоспарланған жұмыстар туралы айтып, ұсыныстарын тыңдап қолданыстағы заңдар аясында жауптарын берді.

18 февраля 2026
Дін туралы жиналыс өткізілді

Ақтоған ауылдық округінің дін саласындағы мобильді түсіндіру тобының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Ақтоған ауылдық кітапхана ғимаратында ауыл тұрғындарының қатысуымен жиналыс өткізілді

 

02 февраля 2026
Жаңа Конституцияның жобасы: егемендік пен аумақтық тұтастық – өзгермейтін құндылықтар

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Жаңа Ата Заңның жобасында Қазақстанның мемлекеттік ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын іргелі ережелер қарастырылды.
Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.

Ол Конституцияның жобасын таныстырды және аталған ережелер «Конституциялық құрылыстың негіздері» атты бірінші бөлімге енгізілгенін атап өтті.

«Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару нысаны – президенттік республика деп тұжырымдалды. Осылайша бұрын бірқатар ғалымдар мен мамандардың басқару нысанын нақтылау қажеттігі туралы ұсынысы жүзеге асты», – деді Бақыт Нұрмұханов.

Бұл ретте Комиссия мүшесінің айтуынша, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысын қатардағы заңмен емес, конституциялық заңмен айқындау ұсынылған.

«Егемендік пен Тәуелсіздік, унитарлық, аумақтық тұтастық, Республиканың басқару нысаны ешқашан өзгермейтін құндылықтар қатарына жатқызылды. Бұл мызғымас талап Конституцияның алғашқы нормаларында бекітілді», – деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.

Сонымен бірге, спикер Комиссияның кешегі отырысында егемендіктің иесі – халық екенін конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныс жасалғанын еске салды.

«Бұл идея Конституция мәтінінде көрініс тапты. 4-бапта мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – Қазақстан халқы, деп шегеленіп жазылды», – деді Бақыт Нұрмұханов.

Оның айтуынша, Конституция мәтінінде «республикалық референдум» ұғымы «жалпыхалықтық референдум» деп өзгертілді.

Бұдан бөлек, халық билікті жалпыхалықтық референдум және еркін сайлау арқылы тікелей жүргізеді және өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді, деген норма тұжырымдалды.

 

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия)

 
 
02 февраля 2026
Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасын дайындады

Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның кезекті отырысында қаралды.

Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілді.

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.

«Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты», – деді ол.

Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылғанын атап өтті.

«Конституциялық сот төрағасының орынбасары: «Бұл жаңашылдықтар жан-жақты талқыланып, баршаның қолдануына ие болды», – деді.

 

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия)c

26 января 2026
Дін бойынша жиналыс өткізілді

Ақтоған ауылдық округінің дін саласындағы мобильді түсіндіру тобының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Ақтоған ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында ауыл тұрғындарының қатысуымен жиналыс өткізілді

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы