Меню

Страницы

Статья

Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты 2025 жылдың қорытындысымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің талдау анықтамасы

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 0,4% - ын құрайды (1323).

            Оның ішінде:

         - 4 қызмет электронды және қағаз түрінде.

         -1 қызмет электронды түрде

         2025 жылдың қортындысы бойынша Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппаратында жалпы 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Оның ішінде:

         - Электрондық түрде -10  қызмет

           - Қағаз түрінде – 7 қызмет;

Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша 10081 халық қамтылып, 21 іс-шара ұйымдастырылды (жиналыстар, мақалалар, әлеуметтік желіге жариялымдар).

         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету туралы әлеуметтік желіге мақала жарияланып, "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидасы және "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік  қызмет  көрсету қағидасы  бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хаттама жасалынды.

2025 жылы аудандық «Меркі AQIQAT» газетінің басылымында "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою", «"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары туралы мақалалар жарияланды.

         Ауылдық округ әкімі аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бойынша  2025 жылы барлығы 162 адамға әдістемелік көмек көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 февраля 2026
Дата обновления
03 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

03 февраля 2026
Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты 2025 жылдың қорытындысымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің талдау анықтамасы
23 июля 2025
Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының 2024жылы Мемлкеттік қызмет көрсету қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы есеп
Ақпарат
19 февраля 2024
Азаматтарды қабылдау кестесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы