Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты 2023 жылдағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің талдау анықтамасы

Меркі  ауданы  Ақтоған ауылдық  округі  әкімінің аппараты 2023 жылдағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің талдау анықтамасы

          ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 0,4% - ын құрайды (1323).

            Оның ішінде:

            - 4 қызмет электронды және қағаз түрінде.

            -1 қызмет электронды түрде

         2023 жылы Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппаратында жалпы            3 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Оның ішінде:

            - Электрондық түрде -3 қызмет

           - Қағаз түрінде - 0 қызмет;

Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2023 жылы 7703 халық қамтылып, 17 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, халықпен кездесулер, әлеуметтік желіге жариялымдар).

 Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында Жер учаскесін алу үшін кезекке қою, жер кезектілік тізілімін тексеру, әлеуметтік желіге жарияланып ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2023 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 қызметкер өтті.

2023 жылы аудандық «Меркі AQIQAT» газетінің басылымында «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметті көрсету ,  «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы  атты мақалалар жарияланды.

         Ауылдық округ әкімі аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бойынша  2023 жылы 313 адамға  әдістемелік көмек көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

 

 

Дата публикации
12 февраля 2024