Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

Ақтоған  ауылдық округі екі елді мекеннен тұрады: Ақтоған ауылы 3488 адам –565 түтін, Қазақ –Дихан ауылы 526 адам - 82 түтін, барлығы 647 түтін, тұрғындар саны – 4014 адам. Зейнеткерлер саны – 345,  мүгедектері – 114, асыраушысынан айырылғандар саны- 40, аз қамтылған отбасылар саны – 12.

Ауылдық округ көлемінде «Тілеміс батыр» ЖШС мен 85 шаруа қожалығы, 272 – жеке кәсіпкерлер тіркелген. Сонымен қатар, 2 мешіт, Ақтоған ауылдық дәрігерлік амбулатория, Қазақ-дихан медициналық пункт, ветеринариялық пункт, мәдениет үйі, №4 «Тілеміс батыр» атындағы жалпы білім беру мектебі мен №33 жалпы білім беру мектебі, шағын орталық пен жеке меншік балабақшасы, монша мен 15 дүкен, 1 жанар-жағар май құю станциясы, 2 сұлулық салоны, пластикалық есік-терезе шығаратын кіші цех пен «Қазпочта» бөлімшесі қызмет көрсетуде.

        Ауылдық округ бойынша жалпы жердің көлемі 12639,9 гектар. Егістік жер 5779,9 гектарды құрайды бүгінгі таңға толығымен игерілді.

    Жайылым мәселесі бойынша ауылдық округте 6543 га жайылым жер бар, суармалы-1451 га, шабындық-151га, бөгде жер -1831га.

Атап  айтқанда:  2024 жылға күздік   бидай  жоспар – 1000га, 2023 жылдың қазан айына  айдалған жер көлемі-1247га, күздік бидай себілген жер көлемі-1247га.

          2023 жылы   ауылдық   округ  бойынша 7 шаруа    қожалықтары 7 дана  жаңа   трактор,  2 дана   комбайн, 1 дана  дән  сепкіш  (сеялка), 3 дана соқа, 1 дана шөп престегіш сатып алынды. Жалпы сатып алынған қаражат сомасы -141 млн теңге.

2023 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша округ аумағында 4836  мүйізді  ірі   қара,   41495 қой ешкі,  2134 жылқы,  7947 құс  бар.

2023 жылдың 12 айында қой етін өндеуге 8,1 тонна «Мерке ет» комбинатына өткізілді.

Ауылдық округі бойынша қайтарымсыз грантты 6 азамат алып, өз кәсіптерін ашып жұмыстарын жүргізуде.

         Ағын су мәселесі (канал, арық саны, ағын су тапшылығы, каналдар мен арықтарды тазалау жұмыстары);

    Ақтоған   ауылдық   округі    бойынша   3- негізгі  канал,   (Шоң 10,1 км, Молалы 9,285 км, БЧК 10 км). Аталған 1 канал «КазСуШар» мекемесінің теңгерімінде. Молалы каналы мен Шоң каналына қарасты  R-2-1-1 каналы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің теңгеріміне өтті.  Арықтар саны-4, жалпы ұзындығы 10,5 км, барлық каналдар ман арықтар уақтылы тазалануда.

   «Аманат» жобасы арқылы тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту бойынша

Бірінші бағыт бойынша: үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға 183 аула (67%)  26 га. жерді игеру жоспарлануда. Аталған жобаға  10 600 000  теңге  қаражат қажет. Халықты сумен қамтамасыз ету үшін ұңғыма қазу бағыты бойынша ауылдық округ тұрғындары және шаруа қожалық жетекшілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл аманаты бойынша несие алуға ниет білдірген 56 ауыл тұрғындарының үйлерінде жер құдықтары қазылған және 44 үй ағын сумен қамтамасыз етілген. Қалған несие алушылардың барлығына құдық қазу ұсынылуда.

Екінші бағыт бойынша: Қазіргі таңда несие алуға ниет білдірген 258 тұрғынның құжаттары  «ТАРАЗ  ӘКК»-ға тапсырылды. 1 685 358 700 теңге. Құжаттары бекітілгендер (одобрение) саны -240 азамат 1 469 939 800 тг. Несиеден бас тартқандар саны -3. 14 036 000. Мүліктері тіркеуге кеткендер саны – 224 азамат 1 381 939 800 тг. Бүгінгі күнге 210 азаматқа 1 288 139 800 тг. несие берілді.

Үшінші бағыт бойынша: «Ақтоған - 2023» АӨК құрылып, әділет органдарында тіркелді. «Жұмақұл» ШҚ  басшысы  Акылбаев Актанбек Жумакулович деген азамат кооператив төрағасы болып тағайындалды. Аталған ШҚ  егістік егумен және МІҚ мал бордақылаумен айналысады. Иелігінде 1 дана комбайн, 2 дана жүк көліктері тіркемесімен, 2 дана тракторлар, 1 дана германка, 2 дана пресс – подборщик, егін егуге қажетті агрегаттар  және  205 га егістік жері бар.

Кепілдікке қоятын нысаны дайындалып, келісім шарт рәсімделді. (Жалпы қажет қаражат сомасы – 5 539 800,0 мың тг.).  «Ақтоған - 2023» АӨК-нің құжаттары толығымен дайындалып  «ТАРАЗ ӘКК» тапсырылды. 800 соттық жер теліміне 714 дана алма ағашын егу жоспарланды. Қаражат көлемі 499 800 тг.

Ауыл сыртындағы жер телімін пайдалану бойынша 65 га бидай, 75 га арпа егу жоспарланды, қажетті қаражат көлемі 5 040 000 тг.

Төртінші бағыт бойынша: АШК жабдықтау бойынша                 12 техникаға  109 788 000 мың теңгеге өтінім берілді. Қазіргі таңда АШК AGROMASH-тан 44 млн. теңгеге жаңа 2 дана 1304 LOVOL тракторын сатып алды.

Бесінші бағыт бойынша:  1 ауыл тұрғыны  өз кәсібін ашуға ниет білдіруде. Шағын жем тарту цехы, сомасы –  8 600 000 теңге. 

Ветеринария саласы бойынша Ақтоған ауылдық округінде жоспарланған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар, диагностикалық тексерулер жүргізіліп тұрады. Жыл басынан бері 55632 бас ҰМ мен 6544 бас МІҚ-дан және 130 бас жылқыдан қан алынып, сарып ауруына оң нәтиже берген 2 бас ҰМ-дың 2 бас сойылып өңдеуге жіберіліп өтемақысы төленді.

Құқық бұзушылық бойынша 2023 жылдың 12 айында Ақтоған ауылында ҚР ҚК-нің 188 бабымен (ұрлық) 1 дерек тіркелген.

Ақтоған ауылдық округінің учаскелік инспекторымен округтің жауапты маманы бірлесе отыра ауыл тұрғындарының арасында қылмыстардың алдын алу бойынша тұрақты түрде түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Ауылдық округ бюджеттінің орындалуын сараптасақ

2023 жылға ауылдық округ бюджетінің шығыстары 251 915 000 теңге бөлініп 216 374 413 теңге игерілді немесе 85,9%-ға қамтамасыз етілді, оның ішінде меншікті кірістері 13 594 600 теңге, 110,8 %-ға орындалды.

Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша өздеріңізге   белгілідей    2023  жылы   ауылдық       округ      бойынша 17 отбасынан 80 адам  табысы кедейшілік деңгейінен төмен болуына байланысты АӘК тағайындалып 6 747 870 теңге көлемінде қаражат тағайындалып, берілді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж 7 адам қайырылып, бір реттік әр отбасыға 30,0 теңгеден берілді. 2023 жылы көктем-күзгі  әскерге шақырушылар саны 17 баланы құрайды. Барлық 17 бала әскерге жолданды.

Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Ақтоған ауылының еңбегі сіңген зейнеттегі 8 азамат Сарыағаш шипажайына 10 күнге демалуға жолданды.

Ақтоған ауылы бойынша табиғи газбен 550 түтін қамтылған, барлығы 97,3% құрайды. Қазақ-Дихан ауылы бойынша 77 түтін қамтылған, 93,9% қамтылған. Ақтоған ауылында ауыз сумен 530 түтін қамтылған, барлығы 93,8% құрайды. Қазақ-Дихан ауылы бойынша 78 түтін, 95% қамтылған. Қазақ-Дихан ауылы бойынша 2020 жылы ауыз су жүйелеріне толықтай құрылыс жұмыстары жүргізілген. Ақтоған ауылының ауыз су жүйесінің құбырлары 2024 жылы толығымен ауыстыру жұмыстары жоспарлануда.

Білім саласы бойынша №4 «Тілеміс батыр» атындағы жалпы білім   беру    мектебінде   бүгінгі    таңда    655 оқушы   білім    алуда. 2023 жылы мектепті 28 оқушы бітіріп шықты. Оның 8-і «Үздік», 11-і «Екпінді», 6 үздік аттестат иегері атанды. 25 оқушы ҰБТ өтіп, 14-і жоғарғы оқу орындарына түсті.

№33 ЖББМ жалпы білім беру мектебінде бүгінгі  таңда оқушы 83 білім алуда. 2023 жылы мектепті 4 оқушы бітіріп шықты.

   Ақтоған ауылдық округте «Ерсултан» балабақшасында 140 жас бүлдіршіндерді қабылдап қуантып отыр. Ауылдық округ бойынша балабақшаға бүгінгі күнге кезекте тұрған балалар жоқ.

           Денсаулық сақтау саласы бойынша ауылдық округте халыққа қызмет көрсететін 35 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория мен Қазақ-дихан ауылдық дәрігерлік пункті бар. Барлығы 2 дәрігер және 10 орта буын медицина қызметкерлер жұмыс атқарады. 

        Есепті кезеңде туберкулез – 1(А.Қосадилов), онкологиялық аурулар -5 (Б.Боралхиев, А.Дайрабаева, С.Құралбай, Г.Селтаева, И.Адамбаева) адам тіркелді.

           Мәдениет және спорт саласы бойынша Ақтоған ауылдық округінде 2023 жылы  жүйелі спортпен  шұғылданушылар саны 1378 адам, оның ішінде 597 (14 жасқа дейінгі) , 607 (14-29 жасқа дейінгі), 164 (29-жастан асқан), 18 – зейнеткер.

           Ақтоған  округінде 5 спорттық ғимараттар нысандары бар, 6 футбол алаңы, 3 волейбол алаңы, 3 баскетбол алаңы бар. Ауыл тұрғындарына қол жетімділігін қамтамасыз  ету мақсатында сабақтан тыс уақытында мектеп спорт  залдарымен, мәдениет үйінің жаттығу залдарын 19:00 ден 22:00 ге дейін тегін спортпен шығұлдануларына жағдай қарастырылған. Және жаз мезігіліне арнайы STREET WORKOUT алаңыда қол жетімді.

           Ақтоған ауылдық округі бойынша жалпы – 11 үйірме бар, Барлығы тұрақты түрде жұмыс жасайды. Ал Қазақ – Дихан елді мекенінде – 8 үйірме бар, тұрақты түрде жұмыс жасауда.

           2023 жылы 37 іс шара ұйымдастырылды. Аталмыш іс шара барысында ауыл тұрғындарын спортқа баулу мақсатында жалпы – 600 ге жуық адам қамтылды. Әрбір іс шара жоғарғы деңгейде өткізіліп, демеушілердің қолдауымен арнайы мақтау қағаздарымен медальдермен және ақшалай, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

       Ақтоған ауылдық мәдениет үйі екі қабатты ғимараты құрайды, көрермен залы 264 орын, би залы, бокс залы, жаттығу залы, қарауылдарға арналған бөлме. 2 қабатта әдістемелік бөлме, күрес залы, кітапхана, үйірме кабинеті орналасқан.  Мәдениет үйінде вокал және домбыра үйірмесін өз жұмысын атқаруда. 2023 жылы мәдениет саласында барлығы 28 іс-шара түрлі тақырыптарда ұйымдастырылып, өткізілді. Қатысушылардың саны 4100 адамды құрайды.

   Ауылдық мәдениет үйі ғимаратында ауылдық кітапхана орналасқан. Цифрландырылған ақпараттық орталығына 2023 жылы көрсетілген   қызметтер   саны -70, анықтама түрі: ЭЦК   өтініш   беру -16, жылжымайтын мүліктер бар немесе жоқ  -1, сотталған немесе сотталмаған т/ы-1, наркодиспансер есепте бар/жоқ-3, психдиспансер есепте бар/жоқ-3, туберкулезге есепте бар/жоқ -2, зейнетақы қоры -43. Ондағы кітап қоры 11007 дана, оның ішінде 6871 данасы қазақ тілінде, орыс  тілінде -4136.  Жаңа   келіп   түскен   басылымдар саны 181 дана. Балалардың әдебиеті – 19 дана. Бүгінгі күнге кітапханамен 750 оқырманға кітапханалық қызмет көрсетіліп, 11000 кітап берілді. Сонымен қатар, ауылдық кітапханада 16 мерзімді басылымдардың материалдарымен танысуға болады. «Рабис» бағдарламасына енгізілген кітаптар саны- 10030. Кітапханада өткізілген 46 іс шараға 595 адам қатысты.

       Жастар мәселесі бойынша: Ақтоған ауылдық округі бойынша 18-20 жас аралығында 105, 14-29 жас аралығында  611 жас бар, оның ішінде 16-29 жас аралығында 516, 14-35 аралығында 953 жас, студенттер саны -26. Әскер қатарындағы жастар саны -17, жалпы жұмыспен қамтылғандар саны-605, жеке негізде және өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны -62, NEET жастар-13, Жастар практикасы -1, ақылы қоғамдық жұмыспен -4 жас қамтылды.

2023 жылы  12 айдың   қорытындысы  бойынша    жоспарға   сәйкес    49 іс-шара ұйымдастырылды, 1060 жас қамтылды. 

Күзгі екі айлық абаттандыру жұмыстарына келетін болсақ Ақтоған ауылдық округі бойынша санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті ұйымдастырылып тұрады.

2023 жылға 3548,0 мың теңге абаттандыру-көгалдандыру  жұмыстарына қойылды. Екі елді мекенннің аумағында орналасқан электр және байланыс бағаналары әктелініп, түрлі-түсті сырмен сырланды. Округтегі 3 ойын алаңдары, талдардың қоршаулары жасыл сырмен сырланды. Округтегі отырғызылған талдарды суару жұмыстары жүргізілді. Жалпы округ бойынша санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілуде.  

   Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша – 500 000 теңге. Мемлекеттік сатып алудың баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша мердігер «Андас-Тазалық» ЖШС жеңімпаз болып анықталып жыл бойына – 385 000 теңгеге келісім шарт жасалып, ауылдық округтегі күнделікті санитариялық тазалық жұмыстары және Ақтоған ауылындағы қатты тұрмыстық полигонын тазарту және жолын ашу жұмыстарына 115,0 мың теңге қаражат бөлініп қаражат толығымен игерілді.

   Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу бағдарламасы бойынша

   Аймат көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ЖСҚ құны-67 240,0 мың теңге мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсы тәсілімен мердігер «Мерей Строй Инвест»  ЖШС-мен келісім шарт сомасы 56549,0 мың теңге жұмыстар толығымен аяқталмай 30768,0 мың теңге қаражат 2024 жылға өтпелі кезеңмен ауыстырылды.

     "Ауыл-ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру бағдарламасымен

     2023 жылға 111 166 000 теңге қаражат бөлініп, ауылдық округтегі Ақтоған ауылының Алтынсарин, Мырзатай,  Ақтікен және Қазақ-Дихан ауылының Маликасан көшелелеріне орта жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсы тәсілімен мердігер Вега ЖШС мен 97 582 610 теңге қаражатқа келісім шарт жасалынып жұмыстар жүргізіліп толығымен аяқталды.

     Мырзатай көшесіне күн панелдерінен түнгі жарықтандыру орнатуға мердігер Шымырбаева жеке кәсіпкермен 2388,9 мың теңге қаражатқа келісім шарт жасалып жұмыстар жүргізілді және Абай, Ақтікен, Амангелді, Дәбесінов, Керімбай көшелеріне күн панелдерінен түнгі жарықтандыру орнатуға мердігер Интэк-сигнал ЖШС-мен 6444,1 мың теңге қаражатқа келісім шарт жасалып көшелерді түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Үнемделген қаражат көлемі 4750,0 мың теңге

     Аудандық бюджеттен ауылдық округтің әкімішілік ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстары ЖСҚ құны-17 542,0 мың теңге мемлекеттік сатып алудың ашық конкурстық тәсілімен Мердігер "Строительная компания "NSN" ЖШС келісім шарт жасалып жұмыстар жүргізілді келісім шарт сомасы 13171,65 мың теңге.

Ақтоған ауылында 60 га жер теліміне ауыз су жүйесін жүргізу бойынша жұмыстары 95% орындалып, жоспарланған жұмыстарды аяқтау үшін 2023 жылы республикалық бюджеттен 237 000,0 мың теңге бөлініп жұмыстар толығымен аяқталды. 

   Арыз-шағымдар бойынша: 2023 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша ауылдық әкімшілікке келіп түскен өтініштер саны – 120. Барлығы жеке тұлғалардан келіп түсіп, толық қанағаттандырылды.   Ауылдық   округі   әкімінің  жеке қабылдауына 46 азамат қайырылып, қолданыстағы заңдар аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

        Демеушілер тарапынан

2023 жылы демеушілер көмегі арқылы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, Ақтоған ауылының аналарына(барлығы 280 ана) арналған мерекелік іс -шара ұйымдастырылып, ақ дастархан жайылып, сый-сияпаттар берілді. 22 наурыз мерекесін атап өту мақсатында Ақтоған ауылының мәдениет үйінің алаңында қазақ үйлер орнатылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар ақшалай марапатталып, дастархан жасалынып, наурыз көже таратылды.  9 мамыр ҰОС мерекесіне орай, тылда жұмыс атқарған ата-апаларға, Ауған соғысына қатысқан, Тәжік- ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан Семей ядролық полигонының ардагерлеріне арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, ауыл мешітінде соғыстан оралмаған азаматтарға құран бағышталды (барлығы 50 адам). 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған іс-шара өткізіліп, тегін балмұздақтар таратылды. Жеңімпаздар ауыл әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Байдұлла атаға стелла орнату мақсатында маусым айының 17 күні Ақтоған ауылында шақшамдардың құрылтай жиналысы өтіп, ауылдық мешітте дастархан жасалынып, өмірден өткен әруақтарға құран бағышталды. 

Құрбан айт мерекесіне орай, тұрмысы төмен 10 отбасыға ет таратылды. Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыға 22000 тг. көлемінде көмек көрсетілді. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Ақтоған ауылында тұрмысы төмен жалғызбасты ауыл тұрғыны Ж.Жантайбаевтің "Асар" жобасы аясында демеушілер көмегі арқылы 4 млн. тг тұрғын үйі ағымдағы жөндеуден өткізіліп қолданысқа берілді. Аталған іс шараға аудан әкімі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Н.Нәрікбаев, ауыл әкімі Д.Абдіразақ, ауыл қариялары және ауыл тұрғындары қатысып жылы лебіздерін арнады. Жаңа жыл қарсаңында Ақтоған ауылында 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер Аяз ата мен Ақшақардың киімдерін киіп, аз қамтылған отбасы және мүмкіндігі шектеулі балаларды құттықтап, Ақтоған ауылының   25 отбасына арнайы сыйлықтар үлестірілді.

 

 

Ақтоған ауылдық округінің әкімі                      Д.Абдіразақ

 

 

 

Дата публикации
01 февраля 2024