
Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша 2023 жылы ауылдық округ бойынша 17 отбасынан 80 адам табысы кедейшілік деңгейінен төмен болуына байланысты АӘК тағайындалып 6 747 870 теңге көлемінде қаражат тағайындалып, берілді. 2023 жылы күзгі әскерге шақырушылар саны 14 баланы құрайды. Оның ішінде бүгінгі таңға 14 бала әскерге жолданып, 100% орындалды.
Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Ақтоған ауылының еңбегі сіңген зейнеттегі 8 азамат Сарыағаш шипажайына 10 күнге демалуға жолданды.