
Ауылдық округ бойынша жалпы жердің көлемі 12639,9 гектар. Егістік жер 5779,9 гектарды құрайды бүгінгі таңға толығымен игерілді.
Жайылым мәселесі бойынша ауылдық округте 6543 га жайылым жер бар, суармалы-1451 га, шабындық-151га, бөгде жер -1831га. Атап айтқанда: 2024 жылға күздік бидай жоспар – 1000га,
2023 жылдың қазан айына айдалған жер көлемі-1247га, күздік бидай себілген жер көлемі-1247га.
2023 жылы ауылдық округ бойынша 6 шаруа қожалықтары
7 дана жаңа трактор, 2 дана комбайн, 1 дана дән сепкіш (сеялка), 3 дана соқа, 1 дана шөп престегіш сатып алынды. Жалпы сатып алынған қаражат сомасы -141 млн теңге.
2023 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша округ аумағында 5300 мүйізді ірі қара, 45532 қой ешкі, 1550 жылқы, 5800 құс бар.
2023 жылдың 12 айында қой етін өндеуге 5,5 тонна «Мерке ет» комбинатына өткізілді.