"1-наурыз алғыс айту күні" мерекесіне орай «Алғыс айту парызым!» атты меркелік концерт өтті.
Аталған іс-шараға «Бүлдіршін», «Шахнұр» бөбекжай бақшаларының бүлдіршіндері және «Ақбастау» әжелер ансамблі өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар ауыл әкімі Ғ.Байдаулетов ауыл тұрғындарын «Алғыс айту» күнімен құттықтап, ауылымыздың ынтымағы мен бірлігін арттыру мақсатында атсалысып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады
8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Ақермен ауылдық округінде «Анашым - асыл бағым» атты концерттік бағдарлама және мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Концертке ауылдағы барлық ақ жаулықты аналар шақырылды. Аналарымызға ауыл ағалары, ауыл жастары атынан ақжаулық тағылып өнерпаздар өздерінің өнерлерімен анаға деген ізгі ниеттірін білдірді.
Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Ақермен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
13.02.2024жылдың бекітілген спорттық іс- шаралар жоспарына сәйкес.
✅️Меркі ауданы Ақермен ауылында ауыл тұрғындары арасында волейбол жарысы өткізілді.
🔰Жарыстың мақсаты:Бұқаралық спортты дамыта отырып, ауыл тұрғындарын спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту .
✅️Жарысқа 6 команда қатысып бақтарын сынады.
Қамтылған адам саны 60
Жарыс тартыстыда қызықты өтті.
1-орын Тасөткел командасы
2-орын Ардагерлер командасы
3-орын #11ЖОББМ командасы .
Жеңімпаз командалар медаль, громата ,ақшалай сыйлықтар мен марапатталды
31.01.2024ж жылдың бекітілген спорттық іс шаралар жоспарына сәйкес.
✅️Меркі ауданы, Ақермен ауылында 《 Спорт денсаулық кепілі 》атты ұранмен Меркі аудан тұрғындары арасында үстел теннисі жарысы өткізілді .
✅️Жарыстың мақсаты :Аудан жастарын арасында Бұқаралық спортты дамытадамыта дамыта спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
🇰🇿Жарысқа қамтылған адам саны 100
🔰Спортшылар тартысты ойын көрсетіп жеңімпаздар анықталды.
🥇орын-Сайыпов А
🥈Қойшыбаев Д
🥉Смаділ М
Жақсы ойын көрсеткені үшін Жұмабеков Ж
Жеңіске деген құштарлығы үшін Абилдаев С
Жақсы оиын көрсеткені үшін Айдабосынов
Жеңімпаздар медаль, дипломдармен бағалы сыйлықтар және де демеушілер тарапынан берілген ақшалай сыйлықтар мен марапатталды
01.02.2024 жылы Ақермен ауылдық округінде «Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ» атты аудан көлемінде іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Меркі ауданы ардагерлер алқасының төрағасы Б.Жылысбаев және 14 ауылдық округтің ардагерлер алқасының төрағалары қатысты. Іс-шара барысында: «Ақермен ауылдық мәдениет үйінде» Ақермен ауылдық округі әкімі Ғ. Байдаулетов округтегі ауылшаруашылығы бойынша қысқаша мәліметін баяндады.Ақермен ауылының кәсіпкерлерінің жұмыстарымен танысып, Ә.Хасенов атындағы ЖББМ-нің «Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ» атты тарихи –драмалық концерттік бағдарламасын тамашалап, ізгі тілектерін, батасын беріп аталған Іс-шараны қорытындылады.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына және Меркі ауданы әкімімен бекітілген кестеге сәйкес 2024 жылдың 19 қантар күні Ақермен ауылдық округінің әкімі Байдаулетов Ғани Избасарович ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
• Кездесу барасында округ әкімінің атқарылған жұмыстарымен таныстырып, тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтар хаттамаланып, заң аясында жауап берілді.
Ақермен ауылдық округінде "Жастар есірткіге қарсымыз" атты ұранмен ауыл жастары арасында волейболдан ашық турнир өткізілді. Турнирге 5 команда қатысты. Бірінші орынды Ақермен командасы, екінші орын Тасөткел, үшінші орынды Шу командасы еншіленді. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтармен кубок медальдар табысталды. Ойын қызықтыда тартысты өтті.