ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақермен ауылдық округі әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді. Атап айтқанда
Оның ішінде:
- 5 қызмет электронды және қағаз түрінде.
Атап айтқанда:
-Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
-Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
-Сауда-саттықты (акциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
-Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
-Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Ақермен ауылдық округі әкімі аппаратымен 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- Электрондық түрде - 10 қызмет, (оның ішінде 8(80 %) қызмет сауда-саттықты (акциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу мемлекеттік қызметі бойынша, 2 (20%) қызмет дәлелді бас тарту бойынша)
- Қағаз түрінде - 0 қызмет;
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша 15386 халық қамтылып, 32 іс-шара ұйымдастырылды. (4 мақала, 12 халықпен кездесу, әлеуметтік желіге 16 пост жарияланды).
2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлер жоқ.