Меню

Страницы

Статья

«Ауыл аманаты» жобасы аясында Ақермен ауылдық округіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар

Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы бойынша Меркі ауданы  «Ақермен» ауылдық округіндегі жүргізіліп жатқан жұмыс барысы.

Бірінші бағыт бойынша: үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға 419 аула (95%)  40 га. жерді игеру жоспарланған.

         Екінші бағыт бойынша: ағымдағы жағдай есебінде ауыл тұрғындарында 1570 бас – МІҚ; 16 169 бас – қой мен ешкі; 617 бас жылқы; 3177 бас – құс өсірілуде.

      Бүгінгі күнге 129  тұрғынның құжаты  «ТАРАЗ ӘКК» АҚ - на тапсырылды.  118 тұрғынға несие беру мақұлданып, 111 тұрғын (555 360,0 мың тг.) қажетті соммасын қолына алып, өтініштерінде көрсетілген қажетті малдарын алды. Алынған несиеге бүгінгі күнге  239 бас жылқы малы, 316 бас мүйізді ірі қара  және 4 794 бас қой малы сатып алынды. 

         Үшінші бағыт бойынша: «Ақермен-Бірлік» АӨК құрылып әділет органдарында тіркеуден өтті. «Ілияс» ШҚ  басшысы  Бөршеков Ербол кооператив төрағасы болып тағайындалды. Аталған ШҚ  егістік егумен айналысады, иелігінде 4 дана комбайн, 4 дана жүк көліктері, 5 дана тракторлар,  егін егуге қажетті ауылшаруашылық техникалары  және 411 га. егістік жері бар. Бүгінгі күнге жоспар бойынша 140 га. арпа, 271 га. бидай егіліп, астық жинап алынды.

         Төртінші бағыт бойынша:  АШК жабдықтау бойынша 13 техникаға 141 200,0 мың теңгеге өтінім беріліп, лизингке алынатын техникалар толығымен алынды.    

         Бесінші бағыт бойынша:  1 ауыл тұрғыны наубайхана ашуға ниет білдіріп, сомасы – 6700,0 мың теңге қаражаты түсіп, қондырғыларын сатып алып, іске қосып, кәсібін жүргізуде;   

Дата публикации
17 января 2024
Дата обновления
17 января 2024
Тип
Мониторинг

Сейчас читают

Ақпарат
23 июля 2025
Ақермен ауылдық округі әкімінің аппаратында Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша 2024 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп
Мониторинг
17 января 2024
«Ауыл аманаты» жобасы аясында Ақермен ауылдық округіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар
17 января 2024
Ақермен ауылдық округі "Ғаббас" мешіті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы