– Тұрғын үй мәселесін шешу – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Егер ұзақ жылдар бойы баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамти алмасақ – бұл үлкен сын, – дей келе облыс әкімі аталған жұмыстарды 2025 жылдың 10 желтоқсанына дейін толық аяқтауды талап етті.
🔰Басқармамен 196 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеру жұмыстарының нәтижесінде 137 нұсқама берілген, 381 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 327 тапсырыс беруші, 22 мердігер мекеме, 8 жобалаушы, 5 сараптама ұйымы, 2 геологиялық зерттеулер ұйымы, 9 техникалық және 8 авторлық қадағалаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, соммасы 83 309 219 теңге айыппұл салынды.
Тексерулердің нәтижесінде:
2 техникалық қадағалаушылардың сарапшы аттестаттары тоқтатылып, сараптама және жобалаушы ұйымдар аккредиттеу туралы куәліктерінен айырылды;
6 нысан бұзылды;
129 профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы Жамбыл облысы аумағында барлығы 680 құрылыс нысанының жұмысы жүргізілуде. Оның ішінде 235 нысан мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатыр, оның 123-і – 2024 жылдан өтпелі жобалар, ал 112-сі – жаңа басталған құрылыс нысандары. Қалған 463 жоба жеке қаражат есебінен жүзеге асуда.
Салыстыру үшін, 2024 жылы облыс бойынша 668 нысанның құрылысы туралы хабарлама тіркелген, оның 220-сы мемлекеттік, 448-і жеке меншік болған. Бұл көрсеткіш биыл өңірдегі құрылыс көлемінің артқанын аңғартады.
Бүгін басқарма басшысы А.Қарабалаевтың төрағалығымен Тараз қаласындағы санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде құрылыс саласына қатысты орын алған олқылықтар яғни, құрылыс алаңдарынан шығатын жүк тасушы техникалардағы құрылыс қалдықтарының төбесі жабылмай, техникалар доңғалақтарына жабысқан қалдықтар жуылмай немесе тазаланбай қала көшелеріне жеткізілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналғанын атап өтіп, талаптар орындалмағаны үшін уәкілетті орган тарапынан әкімшілік жауапкершілік көзделгенін хабарлады.
Қала тазалығын қалыпты жағдайда ұстау баршамыздың міндетіміз екенін және абыройлы іске өз үлесімізді қосуымыз керектігін алға тартты.
Бүгін басқарма басшысы А.Қарабалаевтың төрағалығымен Тараз қаласындағы санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде құрылыс саласына қатысты орын алған олқылықтар яғни, құрылыс алаңдарынан шығатын жүк тасушы техникалардағы құрылыс қалдықтарының төбесі жабылмай, техникалар доңғалақтарына жабысқан қалдықтар жуылмай немесе тазаланбай қала көшелеріне жеткізілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналғанын атап өтіп, талаптар орындалмағаны үшін уәкілетті орган тарапынан әкімшілік жауапкершілік көзделгенін хабарлады. Қала тазалығын қалыпты жағдайда ұстау баршамыздың міндетіміз екенін және абыройлы іске өз үлесімізді қосуымыз керектігін алға тартты.
«Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қорытынды жұмыстары» тақырыбында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баспасөз конференциясы өтті.
Спикер:
Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы — Жамбыл облысы әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.
Тікелей эфир сілтемесі:
https://www.facebook.com/share/v/15dj4R56yW/
Instagram парақшасы:
https://www.instagram.com/rsk_zhambyl/
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы. Ануар Асылбайұлы 2018 жылдан бастап мемлекеттік қызметте қиыны мен қызығын өткеріп келеді. Ануар Асылбайұлы энергетика ,құрылыс саласына өз үлесін қосқан білікті маман. Әріптестерімен тығыз, ынтымақтастық қарым қатынас орнатады. Жалпы басқармада 2023 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін қызмет атқарады. Осы аралықта 188 жуық құрылыс нысандарына тексеріс ашса, соның ішінде 214 не айыппұл салып заң жүзінде тәріпке келтірген маман. Үлкенге құрмет көрсететін, кішіге үлгі өнеге көрсеткен Ануар Асылбайұлы штаттан тыс қызметкерлерге өз тәжірбиесін бөлісуден жалықпайды.
23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні. Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеудің негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен қажеттілігін халыққа жеткізу, мемлекеттік сектордың басқару әлеуетін күшейту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болып табылады. Мерекеге орай
-Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек?
-Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
- Мұратбек Татарбекұлы, мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы бері ел үшін қызмет етіп келесіз. Осы орайда, еңбек жолыңызды қалай бастағаныңыз жайлы білгіміз келеді.
-Мен еңбек жолымды
|
15.07.1988-02.09.1988 ж.ж. жұмысшы, Созақ ауданы, Құмкент өндірістік коперативі. 08.09.1988-01.01.1992 ж.ж. |
|
комсомол ұйымының хатшысы, Созақ ауданы «Құмкент» совхозы. 02.02.1992-28.04.1993 ж.ж. клуб меңгерушісі, |
|
Құмкент совхозында, Созақ ауданы ОҚО. 15.08.1993-31.12.1996 ж.ж. музыка пәні мұғалімі, Созақ аудандық білім |
|
бөлімі Қ.Сатбаев атындағы орта мектебі, Созақ ауданы ОҚО. 11.01.1997-16.07.2003 ж.ж. прораб, Созақ ауданы |
|
«Құмкент» өндірістік кооперативі, Созақ ауданы ОҚО. 14.08.2003-10.12.2004 ж.ж. прораб, «ЕДІЛ-СК» ЖШС-де. |
|
18.03.2005- дәл қазіргі уақытқа дейін бас маман, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы,Тараз қаласы. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы |
келемін.
- Сонда мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліңіз қанша?
-Мемлекеттік қызметте жұмыс жасағаныма 25 жыл болды.
- Мемлекеттіқ қызметшілердің жұмысы қиын ба?
- Мемлекеттік қызметкерлер жұмысының сапалы болуына, әлеуметтік және экономикалық жаңашылдыққа, халық өмірінің деңгейі мен жалпыұлттық жобалардың жүзеге асырылуына мүдделі екені белгілі. Бұл ретте қиындықтармен қатар, осы саланың ерекшелігі де бар. Мемлекеттік қызметкердің ең бірінші қасиеті- жауапкершілік жүгін терең сезіне білуі. Мен Жаңа Қаратон кенті әкімі аппаратында жұмыс жасай жүре осыған жете мән бердім. Қай істе болмасын, өзіме артылған жауапкершілік жүгін абыроймен арқалап, сенім үдесінен шығуға тырыстым. Әр келген азаматтардың өтініші мен ұсынысына сергек қарадық. Жалпы мемлекеттік қызметші жан-жақты болуы тиіс. Кенттің әлеуметтік -экономикалық дамуына атсалысатын мемлекеттік қызметші жұмысы әсте оңай емес. Алайда осындай мәртебелі маман екеніңді сезіну, елге қызмет етіп жүрмін деген сезім әркез қанат бітіреді.
-Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Қалай ойлайсыз, мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы қандай болуы керек? Осы туралы айтып өтсеңіз.
-Мемлекеттік қызметші – қоғам мен билік арасындағы дәнекер. Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп Алаш арысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, халықпен жұмыс істеу үшін жағымды мінез-құлық керек. Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Менің ұстанымым бойынша мемлекеттік қызметкердің мінезі кішіпейіл, қарапайым, көпшілікпен тіл табысқыш жұғымды, ұстамды, сабырлы болуы керек. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болу - парызымыз. Мемлекеттік қызмет - қоғам айнасы. Мемлекеттік қызметшінің халыққа жақын болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, өзекті мәселені шешу – біздің парызымыз.
- Жас мемлекеттік қызметшілерге қандай тілек айтасыз?
- Жас мемлекеттік қызметшілер білімі терең, үлкен жауапкершілікте және төзімді болуы керек деп ойлаймын. Тәжірибе жинақтау, үйрену, іздену - мұрат. Жас мемлекеттік қызметшілерге осындай қасиеттерді бойға ұялатуға және жоғарыда айтып кеткен мінез-құлықтарға жетуге ұмтылыңдар демекпін. Халыққа қызмет етемін деп құлшынуы, жұмысына адал болуы, жауапкершілік танытуы қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті болуы тиіс.Демек, адамдар арасында осы қызмет туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптастыруы қажет.
Айта кетсек, Мұратбек Татарбекұлы Басқармада 15 жас мемлекеттік қызметшілерге тәлімгер болып, Ұстаздан шәкірт озат демекші сол шәкірттер қазіргі таңда әрбір мекемеде түрлі қызметтерді атқарады.
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 2025 жылдың 13 мамыры мен 20 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.