1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-24)-тармақшасына және және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді.
- Қағидалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу рәсімін регламенттейді және "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аккредиттеу - уәкілетті органның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымның құзыретін ресми тану рәсімі;
2) аккредиттеу туралы куәлік - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдардың мәртебесін куәландыратын куәлік;
3) өтініш беруші - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйым ретінде аккредиттеуге үміткер заңды тұлға;
4) уәкілетті орган - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары.
2-тарау. Қағидалар және біліктілік талаптары
- "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
- Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтінішті жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) нысанында баяндалған.
- Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін іс-әрекеттер, орындалу ұзақтығы:
1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен өтінішті автоматты тіркеу;
2) куәлікті электрондық нысанда беру, қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз ақпараттық жүйемен (компьютермен) жүзеге асырылады - 20-40 (жиырма - қырық) минут ішінде.
- Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда қайта ресімделеді.
- Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
- Аккредиттеуден өткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне енгізіледі, онда заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, штатында мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер
- Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
- Қолданыстағы аккредиттеу туралы куәлік болмаса, ұйымның қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
- Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне осы Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттелген ұйымдардың өтініші негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Бұл ретте енгізілген кез келген өзгерістер мен толықтырулар осы Қағидаларға 3-қосымшасында көзделген рұқсат беру талаптарын бұзуға әкеп соқпайды.
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020267