Меню

Страницы

Статья

Лицензиялау

Сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде лицензия беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20267 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мынадай:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Іздестіру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жобалау қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

  1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы

К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

       Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

       Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020267

Дата публикации
30 апреля 2020
Дата обновления
30 апреля 2020
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

11 февраля 2025
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен 2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар
27 июня 2024
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар
Ақпарат
20 июня 2024
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА ҚАНАҒАТТАНБАЙСЫЗ БА? TELEGRAM – БОТ АРҚЫЛЫ МӘСЕЛЕҢІЗДІ ОҢАЙ ӘРІ ЖЫЛДАМ ШЕШІҢІЗ.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы