Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басты міндеттердің бірі
Бүгінгі таңда еліміз үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына жолдауында азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттілігін айтты.
Мемлекет Басшысының саясатын қолдау әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын орындау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өз құзіреті шегінде жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күресті тұрақты бақылауға алып, нақты жұмыстар жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының талаптарын қатаң сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және оның алдын алу мақсатында Басқарма қызметкерлерінің қатысуымен жиналыстар өткізіліп, нақты тапсырмалар беріледі.
Мекемеде 2020-2021 жылдары осындай 19 жиналыс өткізілді.
Басқарма орналасқан ғимараттың дәлізінде ақпарат алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыптарында стенділер орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету толықтай мемлекеттік қызметтер «Сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде лицензия беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығына сәйкес көрсетілуде.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапалы, уақытылы әрі мемлекеттік қызметшілер мен жеке және заңды тұлғалардың арасында тікелей қарым-қатынасты болдырмау және ашықтылықты қамтамасыз етуге қол жеткізілген.
Инжинирингтік қызметпен айналысатын техникалық және авторлық қадағалаушыларды, сарапшыларды аттестаттау бөлмесі арнайы бейнебақылау құрылғысымен жабдықталған.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласыдағы барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде көрсетіледі және толықтай автоматтандырылған.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама электронды түрде elicense.kz порталы арқылы тапсырылып, автоматты түрде талон беріледі.
Құрылыс басындағы техникалық қадағалаушылардың ай сайынғы есебі https://www.equrylys.kz/ порталы арқылы қабылданып, ақпараттары зерделеніп отырады.
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында келіп түскен азаматтардың өтініштеріне жауаптар уақытылы әрі сапалы берілуде.
Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің http://eotinish.gov.kz бірыңғай платформасы іске қосылып, жұмыстар жүргізілуде.
Мекеменің сенім телефоны 43-74-59 тұрақты түрде жұмыс атқаруда.
Оған қоса, Басқарманың интернет-ресурсында «Сұрақ-жауап» сервисі қамтылған Басқарма басшысының блог-тұғырнамасы бар. Онда жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштеріне қолданыстағы заңнамалар аясында нақты жауаптар беріліп тұрады.
Қалың жұртшылықтың мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық және әкімшілік ақпараттарына қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында интернет-ресурстың алатын орны ерекше.
Сол себепті Басқарманың интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-memleket-saulet?lang=kk сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарына арналған арнайы бөлім ашылып, тиісті ақпараттармен толықтырылған және тұрақты түрде жаңартылып тұрады.
Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі қамтылған Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітіліп, ол интернет-ресурста жарияланды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігін анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2020 жылы - 2, 2021 жылы - 1 ішкі талдаулар жүргізіліп, нәтижелері бойынша талдамалық анықтама әзірленді.
Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жалғасатын болады.