Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы мәселелері

Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы мәселелері бойынша

 

 

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексінің талаптарын сақтау өзекті мәселелердің бірі.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау нормативтік құқықтық акті деңгейінде бекітілген.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп стандарттарында белгіленген мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық қағидаларын белгілейді.

Мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен тұрақты түрде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Басқарманың аппараттық кеңестерінде мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын жүргізуді және әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау тұрғысынан тапсырмалар беріліп отырады.

Басқарма мамандарына мемлекеттік қызметтерді көрсетуді заң аясында, бекітілген заңнамалық актілер мен стандарттарға сәйкес жүргізуге, қызметтерді алушының құқықтарын бұзудың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Басқарма мамандарына бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңын, Әдеп кодексінің қағидаларын үнемі сақтауды жадында ұстау тапсырылған.

Басқарма орналасқан ғимараттың дәлізінде Әдеп кодексінің тексті, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы с-қимыл бұрышы, жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі ілінген.

Бекітілген кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жұмыстары жүргізіліп, заң аясында түсіндірме беріліп отырады.

Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бақылауда және жалғасын табатын болады.

Дата публикации
06 июня 2024
Дата обновления
06 июня 2024
Тип

Сейчас читают

11 февраля 2025
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен 2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар
27 июня 2024
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар
Ақпарат
20 июня 2024
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА ҚАНАҒАТТАНБАЙСЫЗ БА? TELEGRAM – БОТ АРҚЫЛЫ МӘСЕЛЕҢІЗДІ ОҢАЙ ӘРІ ЖЫЛДАМ ШЕШІҢІЗ.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы